Қайғылы өлең жазатын ақындарға өлім жазасы...

Қайғылы өлең жазатын ақындарға өлім жазасы...

Байронның үй-жайының алдында төрт қаз өмір сүрген. Міне, сол төртеуі атақты ақынды баратын жерге дейін шығарып салатын болған. Кейде бесеуі қонаққа да барып тұрған.

Маяковский өз өлеңдерін бір жолға бір сөзден бөліп, сатылап жазған. Ол уақытта өлеңнің әр сөзіне емес, әр жолына ақша берілетін болған. Сол үшін де Маяковскийді қатарластары көп кінәлап, ақынды көре алмаған. Ал атақты ақын болса замандастарынан екі-үш есе көп ақша алып жүрген. 

Пессимистік сарындағы өлеңдері жетіп артылатын кубалық Хулиан дель Касаль күлкіден өліпті-міс. Бір күні қонақта отырып досы айтқан әзілге ішек-сілесі қатады. Нәтижесінде қолқасы қабынып, қансырап, күтпеген жерден өліп кеткен.

Орыстың көптеген дәстүрлі сөздерін жазушылары мен ақындары қалыптастырған: Ломоносов заттай түрлерін; Карамзин - өнеркәсіп; Салтыков Щедрин - іске шолақтық; Достоевский - жүрексіну; Северянин - дарынсыздық; Хлебников - ұшқыш пен жадаулық.

Ал Қытай императоры Цяньлун қайғылы өлең жазатын ақындарды өлім жазасына кескен. 

Атақты ақын Востоков "Светлана" деген есімді алғаш рет ойлап тапқан. Және сол есімді бірінші рет  «Светлана мен Мстислав» деген романда қолданған. Ал осы бір есімнің танымалдылығы Жуковскийдің "Светлана" балладасының кейін артып кеткен. 

Пушкиннің иелегіне 70 эпиграф жатады. Ал Гоголь мен Тургеновке 20-ға жуық қана.

Пушкин кейде өлеңдерді тапсырыс түрінде жазатын болған. Мәселен, Орланский ханзадаға арналған өлеңдерін осы қатарға жатқызуға болады.

Эквадорда жергілікті ақын Хосе Ольмедоның ескерткіші бар. Бірақ бұл ескерткішке Байронның ескі мүсінінің пайдаланылғанын екінің бірі біле бермейді. Бұған себеп Эквадор елінің экономикасының төмендігі.

XVIII ғасырдағы орыстың ақыны әрі саясаткері Харитон Макентиннің бүркеншік аты "Антиох Кантемир" болған. Аталған бүркеншік есім өз атының анаграммасы.

Шекспир өз есімінің бірнеше айтылу жолын ойлап тапқан.

Cурет:1001fact.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига