- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Шекспирдің өмір жолы...
Шекспирдің өмір жолы
Шекспир әлем халқына дарынды драматург, актер, ақын ретінде кеңінен танымал тұлға.
Уильям Шекспир 1564 жылы Стратфорд қаласында дүниеге келді. Ата-анасы тері сатумен айналысып, күн көрді. Шаруалары сәтті болғанға ұқсайды. Неге десеңіздер, Шекспир Стратфордтағы орта мектепте оқып, сапалы білім алған екен.
Осылайша, жас ақын 1582 жылы Энн Атавэ атты жергілікті фермердің қызымен көңілін жарастырып, отау құрады. Бір жылдан соң, жастардың отбасында бір қыз дүниеге келеді. Арада үш жыл өткенде жастар тағы егізді болады.
Тап осы уақыттан кейінгі Шекспирдің өмірі туралы ақпарат жоқ. Оның немен айналысқандығы, қайда өмір сүргендігі - бәрі-бәрі белгісіз. Тарих тек 1592 жылдан кейін жалғасады. Бұл уақытта ақын Лондонда өмір сүріп, жергілікті театрда жұмыс істеп, шығармашылықпен қарқынды түрде айналысқан.
Шекспирдің негізгі шығармалары осы кезеңдерде жазылды. 1593-1594 жылдары дүниеге келген пьесалар мен екі поэма оның шығармашылығының шыңы десек те болады. Бұл туындылар Генри Риасеслей мен төртінші Граф Саутгемтонға арналыпты. Сонеталарының да көпшілі осы кезеңдерде жазылған болуы керек.
Шекспирдің ауызға ілініп жүрген пьесалары 1594-1611 жылдары дүниеге келген. Орта есеппен жылына екі пьесадан жазылып отырыпты. Мәселен "Генри алтыншы", "Титас Андроникас", "Жаздың түніндегі арман", "Венеция саудагері", "Ричард екінші" секілді туынылары көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше танымалдылыққа ие болып жатты.
Ал ең танымал трагедиялары шамамен 1600 жылы жазылған. "Гамлет", "Отелло", "Король Лир", "Макбет" секілді дүниелер.
Шекспир өмірінің соңын Стратфордта өткізді. Еңбектері мен ерекше таланты оның өмірлік серігі болды.
Уильям Шекспир 1616 жылдың 23 сәуірінде дүниеден өтті. Оның еңбектері өзі дүниеден өткен соң, 1623 жылы "Алғашқы Фолиант" деген атпен басылып шықты.
сурет: nterviewrussia.ru ("Аноним" фильмінен көрініс)