Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Омер Сейфеддин. "Елші"

Омер Сейфеддин. "Елші"

Омер Сейфеддин.

Омер Сейфеддин (1884-1920)

Омер Сейфеддин 1884 жылы Түркияның Гонен қалашығында туған. 1903 жылы әскери мектепті бітіріп, 1908 жылға дейін Измирде әскери қызметте болады. Ол бар-жоғы 36 жыл ғұмыр кешті. Жасындай жарқылдаған осы қысқа ғұмырында артында өлместей шығармалар қалдырды. Омер Сейфеддин өлең жазып, көркем аудармамен айналысқан, бірақ әлемге оның прозасы көбірек әйгілі. Қалемгер өзінің әдеби естеліктерінің бірінде былай дейді: «Әдебиетке тек, өнер деп қарауға мен мүлдем қосылмаймын. Жазушының міндеті – адамның жүрегінде жауыздыққа деген жиіркеніш сезімін ояту, оны түрлі жаман әдеттерден сақтау», - дейді. Омер Сейфеддиннің әңгімелері әлемнің әртүрлі тілдеріне аударылған. Сол себепті оқырманы көп қаламгерлер қатарына жатады.

ЕЛШІ

Үлкен күмбезді уәзірлер сарайының салқын да қараңғы мәжіліс залы әдетегідей тыныш. Ал, далада көктемнің жұпар лебі баяу есіп тұр. Күннің еркелеген сәулесі жаңадан жапырақ жайған талдар арасынан жылт-жылт етеді. Емен орындықта отырған шаршаңқы уәзірлер, аяқтарының астында күн сәулесіне шағылысып, жалт-жұлт еткен кілемнің түрлі-түсті бояуына қызыға қарап отыр. Ұзын саусақтарымен сақалын сипалаған патша терең ойға шомып, нұрсыз көзін алысқа қадап отыр.

- Уәзірлер! Біз бір ержүрек батырға мұқтажбыз, - деді ол.

- Иран патшасының алтын әшекейге малынып киінген елшісі ханның қолын сүю құрметіне ие бола алмай, тек тізесін ғана сүйе алды. Иран патшасының да біздің елшімізге осындай мәміледе болатынына сенімім кәміл.

Уәзірлер бірауыздан мақұлдады:

- Әлбетте!

- Дәл солай!

- Күдік күмәнсіз...

Өз пікірі уәзірлер ойымен бір жерден шыққанан соң патша сөзін әрі қарай жалғады:

Сонымен, елшілік міндетін атқарушы адам жүрек жұтқан батыр болуымен қатар, керек жерінде өлімге де тік баруы қажет. Ол мемлекетіміздің атақ-абыройын түсіретін әрбір әрекетке қарсы баруы, өлім қаупі төніп тұрса да кез-келген қорлық істерге бас имеуі ләзім. Отырғандар шыбындаған жылқыдай бастарын изеді:

- Иә-иә!

- Хақ сөз!

- Дұрыс!

Патша сақалын салалауды қойып, бастарында әсем тәждері нұрланып тұрған уәзірлерге бір-бір қарап шықты да, сөзін әрі қарай жалғады:

- Пәлі, солай екен ержүрек біреуді табыңдар! Мен мұндай ерді – сарайдан, сарай маңынан тіпті таныстарымның арасынан да кездестірмедім. Сіздер де ойланыңыздар!

Таһуа, тыныштықты сүйетін, мейрімді патша билік ететін үлкен мемлекеттің кішкентай миы саналатын уәзірлер терең ойда. Елшіні жеті жылдан соң көптеген ауыр қылмыстары үшін түрік патшасы Жауыз тарапынан жазаланған Иран патшасы – Ысмайыл Сафави (Ысмайыл патша 1502-1524 ж.ж Иранда билік еткен) дәргейіне жіберу керек болатын.

Түрік сұлтаны Баязид Уәли табиғатынан өте момын-ды. Әлі қалға кезінде ат міну, найза лақтыру сияқты әскери жаттығулардан гөрі кітап оқуды хош көретін. Өлеңге ынтасы зор, философияға ден қойған ол соғыс сияқты істерден өте жиіркенер еді. Уәзірлер сүйікті патшасының тыныштығын бұзбауды өздерінің зор міндеті санайтын. Соған қарамай шекарада соғыс деген тоқтаусыз жалғасып жататын. Босния, Валахия, Караман, Белград, Трансилвания, Хорватия, Венецияға қайта-қайта әскери шеру тартылып, Модон, Корон, Занкие, Сантамавро (Балқан түбегіндегі аралдар) жаулап алынған болатын.

Стамбулды бағындырушысының (сөз 1453 – жылы Константинипольды жаулап алған Түрік сұлтаны Махмуд ІІ жайында) қабілеті мен қайсарлығы таққа отырар-отырмас «саясы жерге түсіп тұр» деген желеумен әкесінің тас мүсінін алып тастауға жарлық берумен, сосын ізгі  істермен айналыса бастаған таһуа мирасқоры осы ізгі істерді жалғастыумен көрінген.

Бұл қабілет мәңгі алау, мәңгі рухтай жарқырап, қараңғы түннің төсіндегі жарық айдай сәуле шашып тұрар-ды. Оның мирасқоры тыныштықа ұмтылсада шиеленіскен қиындықтардың шет-шегі көрінбейтін. Ең алдымен, бүкіл шығыс – Иран қанқоры қылышының  астында қансырап жатар-ды.

Құлап күлі көкке ұшқан Аққойлылар  салтанаты үйіндісінің үстіне Ысмайыл қарақшы хандық құрып, жолындағы бірде-бір талды айналып өтпейтін бұл зұлым хан, ата-баба кегін қуып, жаулап алушылықты кәсіп еткен еді. Ол  шектен тыс қатігездігімен әлемге даңқ таратқан, тіпті бір кездері өздерін қанатының астына алып, қорған болуды қалап келген жақтаушыларын кешкі сауық кешіне шақырып, кеш соңынан оларды үлкен қазанға салып, тірідей қайнатып, жеңілген өзбек сұлтанының бас шанағына шарап құйып ішіп, көңіл көтерген.

Байқасаңыз дүние әлі осындай зұлымды көрмеген. Баязиттің бейбітшілікті сүйетін, таһуа уәзірлері Ысмайылдың бұл жиркенішті қылықтарын, денелері тітіркеніп естеріне алар еді. Уақыты келіп бұл жауыз, Түрік шекарасына да шабуыл жасап, хандықтың щығыс бөлігін жаулап алуы бәріне аян еді. Өткен жылы ол, Зұлхадрия (Зұлхадрия-ежелгі Анадолының оңтүстік-щығысындағы кішкентай мемлекет) билеушісі Аллаудавлаға қызын өзіне ұзатуды сұраған. Әрине, бұндай қанішерге кім қызын берсін, Аллаудавла да келіспеген. Ашудан көзіне қан толған Ысмайыл әскерімен солай қарай шеру тартқан. Ол түрік салтанаты жерлерінен өтіп, қорғансыз жатқан Зұлхадрия жеріне шабуыл жасайды. Диорбакир, Харпут қалаларын басып алып, Аллаудавланың ұлы мен екі немересін тұтқынға алады (ал, Аллаудавланың өзі кісі аяғы жетпейтін тауға шығып жан сақтайды). Ысмайыл патша тұтқындарды сыққа тығып, кәуәп етуді бұйырады. Сосын, өзі еш жиркенбей сол кәуәптан дәм татады. Соғысу ниеті жоқ Ысмайыл патша Анкараға Яхияның басшылығындағы елші жібереді. Ысмайыл патша жауыздығына жараса өте айлакер еді. Оның елші жіберудегі мақсаты Осман империясы шекарасынан рұхсатсыз өткендігі үшін кешірім сұрау-ды. Сол  замандағы Тразбон билеушісі Жауыз, әкесіндей сабырлы емес еді. Ол Табриз шекарасынан өтіп, Байбұрт пен Эризжанға дейінгі жерлердің күлін көкке ұшырып, тіпті Ысмайыл патшаның інісін тұтқынға алады. Ысмайыл елшісі бұл шабуылға наразылығын білдіріп, Осман империясы жеріне тартылған шеру, мүлдем Түрік салтанатына емес, тек Аллаудавлаға қарсы істелген әрекет екенін қайта-қайта дәлелдеп шыр -пыр болады.

Бұл күнде уәзірлер, айлакер, қанішер Иран патшасының дәргейіне кімді елші етіп жіберуді білмей бастары қатқан-ды. Себебі, өзін Осман империясының патшасымен терезесін тең санаған, тіпті шығыста үлкен патшалық құрып үлгірген Ысмайыл келген елішіні түрлі жолдармен кемсітуге, егер елші қарсылық көрсетсе оны қазыққа отырғызуы, тірідей терісін сыпырып алуы кім-кімге болсын айдай анық еді.

Патшаның оң жағында қабір тасындай қозғалмай отырған қызыл тәжді Кавук ( кавук - мемлекет  қайраткерлерінің ежелгі бас киімі) қозғалып патша жаққа қарай бұрылып:

- Осындай жауапты істі ойдағыдай атқаратын кісіні білемін, - деді кавук киген данышпан, - әкесі досым еді. Бірақ ол мемлекетке қызмет қылудан бас тартқан адам.

- Кім екен ол?

- Мұқсын Шалабей.

- Осы жақын маңда тұра ма?

- Дәл солай.

- Кәсібі қандай?

- Ол өзіне тоқ, байлығы жетіп артылатын адам, көп уақытын кітап оқумен өткізеді. Танымауыңызға негіз бар, ол атақ-даңқы жер жарған адамдардың үйіне қарай мүлдем қадам баспайды. Атақ-даңқтың соңынан шырақ алып түсетіндердің қатарынан емес ол...

- Себебі не?

- Білмедім. Мүмкін, атақ-даңқ деген биік шың, жол тек төменге қарай, құлдырауға қарай бастайтынын білгенен болар.

- Ғажап...

- Бірақ ол батыл адам. Шындық үшін жанын аямайды. Көптеген батыс сапарларына қатысқан, жүзіндегі тыртықтар сол сапарлардан қалған ескерткіш...

- Мынадай іске келісімін беретініне сенімдісіз бе?

- Бірдеңе деп айту қиын.

- Онымен жүздессек, Алһамдилуллаһ келісер...

- Шақыртсаңыз келуіне күмәнім бар.

- Мұнымен айтпағыңыз...

- Келмеуі де мүмкін, ол, бұл дүниенің күйбең тіршілігіне қол сілтеген адам. Ол үшін бай мен кедей бірдей.

- Еш болмағанда Отанын сүйер...

- Оған күмән жоқ...

- Солай екен онда оны өз атымыздан емес, Отан атынан шақырамыз.

- Рұхсат етіңіз, шақырып көрейік.

Ақшам түскенде патша іс басқарушысының қолына хат ұстатып, Мұқсын Шалабейдің Стамбулдың Азия бөлігі - Ускудардағы үйіне жібереді. Мұқсын Шалабей келгенін білдіргенде патша ақшам намазын оқып болып, сарайдың ерлер жағындағы кішкентай ғана бөлмесінде хатшысы қалдырып кеткен қағаздарды оқып отырған болатын.

- Рұқсат кірсін,-деді ол

Екі минут өтер-өтпес гауһар тастарға көмкерілген үлкен есіктен, қалың қастары астындағы жігер толы көзінен от шашқан Шалабей кіріп келді. Әдетте қару тағу үшін байланатын былғары белбеуі бос еді. Айналасындағылардың қошемет сөздері мен құлдық ұруына үйреніп қалған патша, алдында тұрған адамға бір уақыт аяғының астына келіп бас иуін күтіп тұрды. Шеттері безендірілген орындықта саф алтын мүсіндей қатып отырған ол, алдында тұрған адамға бастан аяқ таңырқап қарап шықты. Себебі, қарсысында кеудесін тік, керіп ұстаған, тәкаппарлана қараған адамды өмірінде бірінші рет көруі еді. Тыныштықты Мұқсын Шалабейдің өзі бұзды:

- Шақырған екенсіз, хан ием.

- Білесің бе...

- Тыңдап тұрмын, хан ием

- Ұлым қасыма келіп отыр!

Мұқсын Шалабей қорықпай, саспай жанына келіп жайғасты. Патша болса қолындағы қағаздарға көз жүгірітіп, оқығандай кейіп танытып: «Кім екен бұл өзі? Есі ауысқан есалаң ба?!» - деген сияқты сөздерді ой елегінен өткізді. Бірақ Мұқсын Шалабейдің ақыл-есі бүтін, сонымен бірге ешкімге масыл болмай жасауы үшін жететін байлығы бар еді. Ол адал, ешкімге бас имей тұрмыс кешетін. Кедей мен бейшараларға, мүгедек пен баспанасыздарға көмек берген, үйінен қонақ арылмайтын керемет адам болатын. Мұқсын Шалабей туған жерін жанынан артық сүйетін, Отанын Қағбадай қасиетті санайтын. Ұстанымы – Алладан басқаға сәжде етпеу, құлдың құлға бас имеуінен тұратын еді. Замандасы атақты ғалым Ибн Камал ол туралы: «Менің ұстазым – осы» деген еді. Мұқсын ешқашан өлең жазбаған болса да, табиғатынан ақын еді. Ол қырықтан асса да, алдындағы атақ-даңққа жеткізетін бірде-бір жолды таңдамаған. Ол алтындай нұрланған, шеттеріне гүлдер қадалған бұл жолдың соңы, бәрібір бір өліммен бітетінін білетін. «Адам – Алланың жердегі елшісі, құдыретті жаратылыс», - деп есептейтін. «Алла адам бойына әр түрлі қасиеттердің дәнін еккен. Адам - барлығынан биік. Екіжүзділік пен жағымпаздық құйрығын бұлаңдатып иесінің аяғын жалау иттің ісі - адамдікі емес», - деп білетін Шалабей барлық қорлықтарға шыдап, иіліп-бүгіліп даңқ шыңына еңбектейтіндерден, жер жүзінде жыландай жылжып жүретін жігерсіздерден жиркенетінін жасырмайтын. Ол осындай қорлықтарды көрмеу үшін адамдардан жырақта өмір сүретін. Тек соғыс уақытында кедейлерден құралған түменге қолбасшылық ету үшін адамдар ортасына келетін.

- Біз Табризге елші жіберу ниетіндеміз. Баруға келісесің бе?

- Не үшін мені таңдадыңыз?

- Сенен басқа лайық адамды таба алмадық.

- Осы уақытқа дейін мемлекет істеріне араласпаған едім.

- Себеп?

- Себебі, мен ешкімге бас ие алмаймын. Қол мен шапан шетін сүюге әдеттенбегенмін. Бүгінгі шенділер өз дәрежесіне иіліп-бүгіліп, екіжүзділікпен, қол мен етек шетін сүйіп жеткен. Бұндай адамдар айналасында ержүрек, адал адамды көрсе, іштерін қызғаныштың қызыл иті тырнап, оны жоқ еткенше асығады. Айтыңызшы, әйтпесе, Гедик Ахмет төренің (Гедик Ахмет төре – Осман империясының ірі мемлекет қайраткерлерінен бірі) өліміне кім кінәлі?

Жалғасы бар...

Аударған: Тұрсынбек Башар

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: turkishculture.org

Қосылған күні: 30 сәуір 2014, 10:15
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.