Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / "Алтын тобылғы" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

"Алтын тобылғы" әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды

Елбасы қоры әдебиетті қолдау мақсатында ұйымдастыратын “Алтын тобылғы” байқауының жеңімпаздары анықталды.

Назарбаев орталығында V “Алтын тобылғы” әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

“ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры бұл байқауды жыл сайын 18 бен 35 жас аралығындағы жас ақын-жазушылар арасында өткізеді. Жоба қазіргі заман әдебиетіне қызығушылықты арттырып, жастардың шығармашылығын шыңдауға бағытталған. Жыл сайын байқауға қызығушылық артып келеді. Биыл 170 жұмыс ұсынылды, ал 2015 жылы 120 жұмыс тапсырылған болатын.

Үздік шығармалар “Жылдың үздік прозасы”, “Жылдың үздік поэзиясы”, “Жылдың үздік балаларға арналған шығармасы”, “Жылдың үздік драматургиясы” және Жастар жылына арналған арнайы жүлде “Ұлы даланың жасампаз ұрпағы” атты бес номинация бойынша анықталды.

Қазылар алқасының құрамындағы еліміздің белгілі мәдени қайраткерлері, журналистер мен жазушылар ұсынылған жұмыстарды бағалап, шығарманың көркемдік стилін, эмоционалды және эстетикалық әсердің тереңдігін, авторлар ойының жүйелілігін, идеясының өзіндік ерекшелігін бағалады.

Марапаттау рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев байқауды қорытындылап, жастарға тілегін жеткізді: “Бүгін біз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарды марапаттаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” мақаласында “Салт-дәстүрлеріміз, әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс” деген еді. “Ұлы Даланың жеті қыры” мақаласында да Елбасы руханиятқа көп көңіл бөлді. Ұлы халықты өздеріңіздей талантты ұрпағы жасайды. Бүгінде елімізде дарынды жастарға қолдау мықты. Елбасы Қоры қашанда шығармашыл жастарды қолдап, түрлі байқауларды үздіксіз өткізуде. Алдағы уақытта да Қор бұл жұмысты жалғастырады. Сіздерге шығармашылық шабыт тілеймін! Қазақ көркем сөз өнерінің шеберлері көбейе берсін!”.

Үздік шығармалардың авторларын Әсет Исекешев, ҚР Парламентінің депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері марапаттады.

“Алтын тобылғы” байқауының жеңімпаздары:

- “Жылдың үздік прозасы” номинациясы - Қанат Әбілқайыр, Досхан Жылқыбай;

- “Жылдың үздік балаларға арналған шығармасы” - Марат Сейілханов, Асылан Тілеген, Мирас Асан.

Жоғарыда аталған жеңімпаздардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден алды.


Жүлде қоры 2 миллион теңгелік “Жылдың үздік поэзиясы” және “Жылдың үздік драмасы” номинацияларының жеңімпаздары - Бекзат Смадияров пен Аршын Нұрбақов.

“Ұлы даланың жасампаз ұрпағы” номинациясын Нұртас Тұрғанбек жеңіп алды. Оған 3 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.

0
Рейтинг: +1

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2019, 12:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.