Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Адам ғарышты қалай зерттейтіні жайлы 5 деректі фильм

Адам ғарышты қалай зерттейтіні жайлы 5 деректі фильм

Адам ғарышты қалай зерттейтіні жайлы 5 деректі фильм

Бір ғылыми жаңалықтың артында бірнеше адамның еңбегі, білімі мен уақыты жатыр. Назарыңызға ғарыш зерттеушілерінің өмірі мен қызметін көрсететін деректі фильмдерді ұсынамыз.

1. Қара құрдымның ең алғашқы фотосуреті жайлы

"Қара құрдымды қалай көруге болады", ВВС
Тілі: ағылшын

2019 жылдың көктемінде халықаралық зерттеушілер тобы алғаш рет қара құрдымды фотосуретке түсірді. Ол біздің заманымыздағы ең маңызды ғылыми жаңалық деп бағаланды. ВВС-дің жаңа деректі фильмі ғалымдардың қалай зертеп, ізденгенін көрсетеді. Фильм авторлары екі жыл бойы түрлі қиын жағдайда жұмыс істеген ғалымдармен бірге болған. Мысалы зерттеу кезінде Оңтүстік полюсте орналасқан телескопқа баруға тура келген.

2. Марсқа саяхат жайлы

"Марс: саяхатшыға арналған гид", ВВС
Тілі: ағылшын

2018 жылы бірнеше мемлекет Марсқа адам апаратынын хабарлады. Мысалы SpaceX компаниясының басшысы Илон Масктың айтуынша, болашақта кез келген адам Марсқа саяхаттай алады. "Марсқа саяхаттау қазір әр адамға 500 мың доллар болса, болашақта ол 100 мың доллардан да аз болады", – дейді Илон Маск. Ол мұндай қолжетімді қаражатқа саяхаттауға болатын жобаны Starship бағдарламасы арқылы жүзеге асырмақшы. Аталған бағдарлама арқылы бір уақытта жүзге жуық адам Марсқа саяхаттай алады.  Илон Маск Қызыл ғаламшарды отарлауды армандайды. Бұл арманын 2000 жылдары SpaceX компаниясының негізін қалағанда-ақ жүзеге асыруды бастап кетті. Ол NASA ғарыш агенттігінің бұл іске селқос қарап жатқанын, 4-5 жыл арасында Марс планетасына адам жібермейтінін біліп, бұл істі өзі тәуелсіз жүзеге асыруды бастады. Оның ойынша, кезі келіп адамдар Жер шарын тастап кетеді. Сол кезде адамзаттың жаңа мекені Марс сияқты ғаламшарлар болады.

ВВС-дің бұл фильмінде адамдар Марсқа барғанда қайда қонып, не көре алатынын баяндайды. Фильмдегі түрлі кадрлардан кейін көрерменнің ғарышқа саяхаттауға құлшынысы ашылары сөзсіз.

3. Жерге ұқсас планеталарды іздеу жайлы

"Бөгде әлем", National Geographic
Тілі: орыс (дубляждалған)

Жағдайы Жердікіне ұқсас бөгде планетаны табу – әр астроном-ғалымның арманы шығар. Бұл фильмде ғалымдар Күн жүйесінен тыс планеталар жайлы айтады. Фильмде зерттеушілер Күнге ұқсайтын жұлдызды айналып жүрген планетаны қалай тапқанын әңгімелейді. Өзге ғылыми жаңалықтар сияқты, бұл да кездейсоқ табылған планета екен.

4. Curiosity марсоходы жайлы

"Марсоходтың қонуы"
Тілі: ағылшын

NASA жіберген "Кьюриосити" марсоходы 22 тамыз күні Қызыл планетадағы алғашқы қадамдарын басты. Фильмде оның қалай жасалғаны, Марстағы қатал климат жайлы айтылады. Фильмде марсоходтың Қызыл планетағы алғаш қонуы, ғалымдардың қуанышы көрерменге де ерекше әсер сыйлайды.

5. ХҒС-тағы (Халықаралық Ғарыш Станциясы) ғарышкердің өмірі

"Орбитадағы бір жыл. Ғарышкер тамағы", Наука 2.0
Тілі: орыс

Бұл деректі сериал ғарышта түсірілген. 2015 жылы ХҒС бірегей тәжірибе жасады: ресейлік ғарышкер Михаил Корниенко тарихтағы тұңғыш бір жылдық ғарыш экспедициясына аттанды. Ол ғарыш бортында 340 күн болды. 18 жарты сағаттық серияларда ғарышкердің күнделікті өмірі көрсетіледі. Ол бортта Жаңа жылды қалай тойлағанын, ғарышкер тамағы жайлы баяндайды.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 17 шілде, 13:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.