Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / 165 мың адам Марсқа ұшқысы келеді

165 мың адам Марсқа ұшқысы келеді

165 мың адам Марсқа ұшқысы келеді

Қызыл ғаламшарға адамдарды қоныстандыра бастау 2023 жылға жоспарланып отыр.

Бір ай ішінде Қызыл ғаламшарға біржола көшкісі келетін адамдардың саны 70 мыңға жеткен. Тамыз айының басында шамамен 100 мың адам «қайтар билетсіз» Марсқа көшуге дайын екендігін жария еткен. Бүгінге дейін бұл көрсеткіш 165 мың адамға өсіп кетті.

Әлемнің 140 елінен өзге ғаламшарға жетуге тіркелу үшін адамдардың  5-тен 75 долларға дейін ақша аяйтын түрі жоқ. Бұл Жердегі адамдардың текке дүрлігіп немесе жерге сыймай жатқандықғынан емес. Естеріңізде болса, осы жылдың сәуір айында фантастикалық марстық жоба Элон Масктың кемесі коммерциялық магнатқа тап болғалы алға басқан болатын. Ол өзінің Марсқа кетіп қалғысы келетіндігін айтқан еді. Мәңгілікке! Сонымен қатар, сол жақта қартайып, сол жақта өлгісі келетіндігін де жасырмаған еді. Осы жария ету кезінде ол Марста іші піспес үшін өзімен бірге бір қауым жұртты ерте кете алатын мүмкіндігі барын мәлімдеген. Бұл идея да Маскке оңай келген жоқ. Оған мұны голландиялық кәсіпкер Бас Лансдорп ұсынған болатын. Ол алдымен өзінің «Марс Жалғыз» телевизиялық реалити-шоуын жасап шығарды. Бағдарламада алғашқы Марс тұрғындары көрсетілді. Баспасөз-конференциясында авантюристер Марсқа 2023 жылдың 22 сәуірінде ұшуды бастайтындығын мәлімдеп те қойған-тын. Адамдарды Қызыл Ғаламшарға жеткізу Dragon модулінде жоспарланып отыр. Мұны SpaceX компаниясы жасап шығарамын деп уәде де беріп қойды. Ал НАСА ұйымымен бірлескен американдық Paragon Space Development компаниясы «жолаушыларды» скафандрлармен және өмірге қауіп төндірмейтін басқа да құрал-саймандармен қамтамасыз еткелі отыр. 

«2016 жылы Марсқа алғашқылардың бірі болып қарулармен және түрлі құралдармен Dragon жүк кемесі аттанбақ. Екі жылдан соң, сосын алты жылдан соң тағы алты ұшқышы жоқ әуе кемелері Марсқа жөнелтіледі. Ал 2023 жылы жат ғаламшарға Марс тұрғындарының алғашқы төрттігі жеткізіледі», - дейді жоспарымен бөлісуден қашқақтамаған Бас Лансдорп.

Марстағы төрттік орналасып болған соң оларға қарай 2025 жылы тағы төрт «жолаушы» жөнелтіледі. 2033 жылы ғаламшардың тұрғындарының саны жиырмаға жетіп қалады. Жоба авторының айтуынша, олар онда оңай өмір сүріп кете алады: суды мұзды еріту арқылы ішеді; ауаны электролиз арқылы жұтады; тамақты арнайы жылыжайларда өсіреді.  Бірінші болып ұшатындарды іріктеу ресми түрде 22 сәуірде ашылды.

Мәңгілікке ғаламшар ауыстыруға келісім беріп отырған авантюристер Марсқа аттанбас бұрын түрлі жаттығуларды жасайды.

Қызыл Ғаламшарға қоныстануға қызығып отырғандардың көбін Қытай азаматтары құрайды. Күн сайын Марсқа біржола кету үшін тіркелгісі келетін қытайлықтардың саны артуда. Жақын арада бұл жобаға күмән туғызатындардың қарасы көбейіп үлгерген болатын. Олардың ойынша, Марсқа қоныс аудару тұрмақ, бұл жобаның сәтті жүзеге асатандығына да сенбеушілердің саны көп. Мұны естіген қытайлықтар берген қаражатын қайта қайтаруды талап етіп, шу шығарды. Бірақ оларға тіркелу үшін төленген сома қайтарылған жоқ. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: kosmostar.com

2180 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 31 тамыз 2013, 18:08
Пікірлер
+0
31 тамыз 2013, 20:48

Мен де кетіп қалар едім!!! Шіркін-ай(((

+0
31 тамыз 2013, 21:04

Қызық ақпарат! :) Ол жақта игерілмеген жер қаншама, барып бай болып кетуге болатын шығар! :)

+0
31 тамыз 2013, 22:10

Бізде жұмыс жасайтын қыздың барғысы келеді. Ол тіпті сол тізімге тапсырыс бергенінде айтып еді ))

+0
02 қыркүйек 2013, 10:43

Қуғындар))онда не істейсіндер?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...