Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның суреті жарияланды

Адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның суреті жарияланды

Адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның суреті жарияланды

Аспан әлемі жұмбаққа толы. Сан мыңдаған жылдар бойы ғалымдар мен зерттеушілер жұлдызды әлемнің ғажабына үңіліп келеді. Әсіресе көбірек қызықтыратыны - қара құрдым.

Галактика кіндігіндегі қара құрдымның фотосын түсіру үшін әлемдік зерттеушілер Event Horizon Telescope жобасын әзірлеген болатын. Ол үшін Жердің әр түкпіріне 8 телескоп қойып, зерттеулерін бастаған. Мамандардың бұл еңбегі өз нәтижесін беріп, адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның фотосы түсірілді. Оны түсіру мен зерттеу, сондай-ақ жариялау үшін 2 жылдай уақыт кеткен.

"М87 галактикасындағы қара құрдымның осыншама үлкен екеніне сене алар емеспін. Ал фотоны көргенде бұған еріксіз сенесің. Оның отты сақинасынан-ақ қаншалықты гравитациялық күшке ие екенін аңғаруға болады", - дейді Неймеген университетінің ғалымы Хайно Фальке.

Қара құрдым — жойқын тартылыс күші арқылы бүкіл материя мен жарық нұрын еш жібермей өзіне тартып алатын массасы өте ауыр жұлдыздық дене (үңгір емес). Оның массасы өте жоғары, тартылыс күші өрісі тым жойқын болғандықтан, ешқандай материя, магнитті толқын, жарық жылдамдығында қозғалады делінетін жарық радиациясы одан қашып құтыла алмайды. Бетіне түскен жарық ешқашан кері шағылыспайды, сыртқа еш жарық шығармайды. Ал ар жағы жұмбақ әлем.

Қара құрдым Күннен 21 миллиард есе ауыр. Ол Жерден 57 миллион жарық жылында орналасқан.


Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Twitter © Event Horizon 'Scope
Қосылған күні: 11 сәуір, 10:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.