Қас адамға не үшін керек?

Қас адамға не үшін керек?

Адамға қас не үшін керек? Оның қызметі қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көріп пе едіңіз? 

Канада Мемлекеттік Йорк Университетінің зерттеушілері қас ежелгі адамдар арасында қарым-қатынастың дамуына, оларға бір-бірін түсінуге септігін тигізді деген қорытындыға келген. 

Қабақ үсті сүйектерінде орналасқан түктер ежелгі адамдармен салыстырғанда өзгеше. Ал, оның еркін қимылдай алуы адамның ымдау үрдісі арқылы адамдарға сезімін көрсете алатынын дәлелдейді. Қас – адамның эмоциясын көрсететін дене мүшесі. 

Homo тұқымының өзге өкілдерінің қастары біздің қастан ерекшеленеді. Кейбіреуінде әлі күнге дейін қабақ үсті сүйектері ірі күйінде қалған. Ғалымдар оның екі себебі бар деп тұжырымдайды. Бірі қабақ үсті сүйегінің ірі болуы кей гоминид түріне жататын сүтқоректілердің бет сүйегінде кейбір кеңістіктерді толтырады десе, енді бірі ірі сүйектер өзге жануарлармен күресу барысында олардың миына зақым келуден сақтаған деген пікір білдіреді. 

Ал, қазір адамға қастың не керегі бар деген сұрақ тууы мүмкін. Ендеше оның жауаптары мынадай:

1. Қорғану: Қас адамның көзіне сұйықтық түспеуіне әсер етеді. Мысалы, жаңбыр немесе тер. Биологиялық тұрғыдан, көзге тамшыдан зиян болмағанымен, физикалық тұрғыдан сұйықтық тамшысы көз жанарының дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. 

2. Қарым-қатаныс: Қабағын түйді, қабағы ашылды деген сөз тіркестерінен-ақ қастың адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын түсінуге болады. Адамдар бірін-бірі сөзсіз қалай түсінеді? Адамның көзінен бөлек, қабағы да қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. 

3. Жіктеу: Саусақ ізі секілді қас – әр адамда әртүрлі. Адамдар, жануарлар – бұлардың барлығында қабақ бар. Сондықтан, олардың ұқсастықтарына байланысты жіктеуге болады дейді ғалымдар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?
Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып