Қасымызды дұрыс бояп үйренейік

Қасымызды дұрыс бояп үйренейік

Сұлу макияждың бір бөлігі – дұрыс боялған қас. Ол жүзіңізге нәзіктік пен талғампаздық сыйлайды. 

Өзіңізге лайық форманы таңдаған соң үстінен қарындашпен бояғаныңыз жөн. Оны бояу оңай жұмыс емес. Бұдан өзге дұрыс жағылып, шетіне шығып кетпеуін қадағалау керек. Лайық қарындашты таңдаған кезде теріңіздің, көзіңіздің, кірпігіңіздің, шашыңыздың түсін ескеріңіз. Бояуы тым қанық болса, сырт көзге жағымсыз әсер сыйлайды.  

- Қастың түсі шашқа қарағанда 1-2 тонға қошқыл болуы тиіс;

- Күл түстес шашқа сұр немесе қоңыр түс жарасады;

- Мұнымен қатар сәнге еліктеп шашын сарғайтатын қыздар да қоңыр түсті таңдағаны абзал.

Қасқа арналған бояуды пайдалану

Қасқа арналған бояуды дүкендерден оңай табуға болады. Әдетте бұл жинаққа бояулармен қатар щетка, араластыруға арналған күрекше және ыдыс кіреді. Артынша барлығын сыртында жазылған инструкциясына сәйкес дайындау керек. Оны тек қолданар кезде жасаған жөн. Ережеге сәйкес бояу перекис сутегінде ерітіледі. 2 милилитр бояуға 10 тамшысы жеткілікті. Немесе перекисті гидроперит таблеткаларымен алмастыруға болады.

Оны қолданбас бұрын көздің айналасына бір қабат крем жағыңыз. Бояу көзіңіздің шырышты қабатына тиіп кетпес үшін басыңызды алға қарай еңкейтіңіз. Байқаусызда көзге тиіп кеткен жағдайда көзіңізді сумен жуыңыз.

10 минуттан артық боямағаныңыз жөн. Егер түсі қошқыл болмағанын қаласаңыз, небары 3-5 минут жеткілікті.

Қасты қарындашпен бояу

Ол үшін кез келген дүкеннен табылатын арнайы косметикалық қарындаш қажет. Оның көмегімен қасыңыздың пішінін, түсін өзгерте аласыз.

Қасыңыз дұрыс сызылуы үшін ұшын ұштап алыңыз. Қасты төмен қарай тарап, қарындашпен өсу бағытында сызыңыз. Қасыңыз табиғи болып көрінсін десеңіз, ұзын сызықтардан сақ болыңыз.  

Қасты қаншалықты жиі бояуға болады?

Әйел адамның шашы жылдам өсетіндіктен, қасын жиі бояйды. Біз екі аптада бір рет қана бояуға кеңес береміз. Түсі өзгерген жағдайда қарапайым қарындашты пайдалануыңызға болады. Жиі бояй беретін болсаңыз, аллергиялық реакция беруі мүмкін.

Қасты не нәрсемен бояған дұрыс?

Арнайы қоспалармен бояғаннан қасты қарындашпен бояу өте жеңіл әрі зиянсыз. Алайда түсіңізді дұрыс таңдаған болсаңыз, бірден бояуыңызға да болады. Өйткені ол қарындаш бояй алмаған түктерді бояйды. Мұнымен қатар оның қарындашқа қарағанда әлдеқайда зиян екенін түсінуіңіз керек.

Егер бұл рәсімді бірнеше рет орындап көрген болсаңыз, арнайы сұлулық салондарына барып ақша шығындамай, сапалы етіп бояуыңызға болады.

Ал сіз қасыңызды қалай бояйсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай