Ғарышта түсірілген алғашқы селфидің авторы кім?

Ғарышта түсірілген алғашқы селфидің авторы кім?
Фото: www.wired.com

Базз Олдрин – 1969 жылы Айға қадам басқан екінші адам. Жасы 84-ке келген NASA агенттігінің бұрыңғы ғарышкері өзінің Twitter парақшасында ғарышта түсірілген суретін жариялады. Бір қызығы, бұл селфи осыдан 50 жыл бұрын жасалған екен.

Олдриннің «Сіздер менің 1966 жылы Джемини-12 ғарыш кемесінде түсірген ғарыш селфиім туралы білесіздер ме?» деген туиті небәрі бір күнде мыңнан астам бөлісуге ие болған. Америкалық ғарышкер бұл суретін адам баласының Айға қадам басқанына 45 жыл толғанын ескеріп жариялап отыр.

Айта кетейік, Базз Олдрин АҚШ-тың Айды бағындыру жобасына қатысқан алғашқы ғарышкерлерінің бірі болып саналады. Ол 1969 жылы Нил Армстронгпен бірге «Апполон-11» ғарыш кемесінен аттап, Айға қадам басады.

Расында Instagram сынды фото желілердің танымалдыққа ие болуы селфидің кең қолданысқа енуін қамтамасыз етуде. Адамдар танымал тұлғалармен селфи жасау үшін күні бойы кезекте тұруға дайын. Қазіргі жастар тіпті сәтті селфиді жасау мақсатында биік ғимараттарға өрмелеу сынды қауіпті әрекеттерге де баруда. 

Ж. Өрісбай