Жүзетін қаланың жобасы жасалды

Жүзетін қаланың жобасы жасалды
Фото: baku.ws

Жак Ружери (Jacques Rougerie) есімді сәулетші жүзетін қалашықтың жобасын жасады. «City of Mériens» деп аталатын қала қос қанатқа ұқсайды.

Қалашықтың ұзындығы 900 метр, ал ені 500 метр. Жоспар бойынша онда 7000 ғалым мен студенттер өмір сүреді, тұрғын үй, демалыс орны, спорт кешені, ғылыми зертхана және дәрісханалар болады. Жоба авторы "Кешенде барлық қауіпсіздік ережелері сақталады және қоршаған ортаға зиян келмейді" деп сенім білдіреді.

 
 
Е. Жұмабайұлы