"Болашақтың мұражайы" – Дубайда

"Болашақтың мұражайы" – Дубайда

Біріккен Араб Әмірлігінің Премьер-министрі, Дубай Әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактум тілшілерге бұл мұражайда қазіргі жаңа технологиялардың жиналатынын, ең бастысы, модельдеуші құрылғылар мен интерактивті экспонаттар қойылатынын айтты. Ол бұл қаланың келешекте жаңа жобалардың тұсауы кесілетін болашақтың қаласы боп есептелетініне сенім білдірді.

Олардың бұл мұражайды салудағы  мақсаты – түрлі сәулетшілер мен дизайнерлерді, өнертапқыштар мен зерттеушілерді бір жерге жұмылдырып, болашақтың негізін қалайтын жаңа жобалар мен бастамалардың орнын жасау. Соған орай, "Болашақ мұражайы" тек көрме залымен ғана шектеліп қалмай, жабық зерттеу зертханасы, білім беру, денсаулық сақтау, көлік, энергетика және "ақылды қала" сынды арнайы салаларға бөлінген бөлімдер ашылады. 

 
Мұражайдың ұраны: "Болашаққа қара және оны құр!". Мұражай Emirates Towers мұнарасының жанында орын тапқан. Ал 2017 жылы мұражай ашылып, халық игілігіне берілмек. Естеріңізге сала кетейік, БАӘ-нде 2015 жыл "Жаңару жылы" деп жарияланған. Соған байланысты, "Болашақ мұражайы" осы жылдың алғашқы бастамасы болып отыр. 

Сурет: baku.ws
Оқи отырыңыз: 
Е. Жұмабайұлы