Арал-көпір туралы бұрын-соңды естідіңіз бе?

Арал-көпір туралы бұрын-соңды естідіңіз бе?

Әлемдегі ең ерекше көпірлердің бірі − Муринзель. Ол Австрия елінің Грац қаласында орналасқан. Көпірдің сыртқы дизайны шағын аралды еске түсіреді. Мұндай жобаны Американың танымал әрлеушісі Вито Аккончи жүзеге асырған.

Көпірдің платформасы екі аймаққа бөлінген: ашық және жабық. Оның бірінші платформасы әйнектен жасалған. Онда қазір жұртқа ыңғайлы кафе-бар орныққан. Ал екіншісінде ашық аспандағы амфитеатр табан тіреген. Осы екі аймақтың арасында кішкентай балаларға арналған ойын алаңы да бар. Мұнда бүлдіршіндер арқанға өрмелеп, батутпен секіріп, қызыққа батады.

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

Арал-көпір өзенде зәкірлер арқылы бекітілген. Оның ұзындығы – елу метр, ал жуандығы – жиырма метр. Құрылыс кезінде понтон, уақытша көпір краны секілді техникалар қолданылыпты.

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

Платформаға бір мезетте 350 адам оңай сыйып кетеді. Көпірден қалаға қарай адам еліктірер тамаша көрініс ашылады. Әсіресе, кеш түскенде көпірдің бойы жарыққа толығып, сумен шағылыса жалт-жұлт етіп ажарлана түседі.

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

2003 жылы Муринзель көпірі жай уақытша көпір ретінде салынған болатын. Кейіннен жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қала басшылары көпірге тиіспеген. Уақыт өте келе көпір Граца тұрғындарының ең сүйікті мекеніне айналды. Себебі көпір жолағында арнайы жүріп қайту үшін жер-жерден көптеген туристтер келеді.

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

Муринзель: мост остров в городе Грац (Австрия)

Оқи отырыңыз: 

Ұмытылған ұлт дәстүрлері

Суретші өмірінің 10 жылын үңгір қашауға жұмсады

Вила Велла – Испаниядағы ең көне қамалдың бірі

Қытайлық миллионер бұрынғы жерлестеріне тегін үй салып берді

Сурет: www.terra-z

Н. Нұрмаханұлы