АҚШ доллары туралы қызықты деректер #2

АҚШ доллары туралы қызықты деректер #2
Фото: commons.wikimedia.org

АҚШ доллары  әлемдегі ең көп сұранысқа ие валюта. Оның кең таралғандығы соншалық, кез келген адам бір көргеннен-ақ жазбай таниды. Ал оның тарихы, әлемдік нарықтағы ықпалы туралы көбіміз біле бермейміз. Мысалы, АҚШ доллары банкнотасының көлемі оның номиналына байланысты өзгермейді. Кез келген номиналды дайындауға орташа есеппен 5,7 цент жұмсалады.

Басы

6. Күн сайын 35 миллион банкнота басылып шығарылады

Жаңа басылған АҚШ долларының номиналдары күн сайын шығарылады. Неге мұнша көп ақша шығарылады деп ойларсыз? Себебі күнделікті орташа есеппен сонша номинал жарамсыз хәлге келеді. Басылатын 35 миллион дана номинал құны 635 миллион АҚШ долларын құрайды. Әйткенмен де, жарамсыз болып қалған номиналдардың барлығы айналымнан алынып тасталмайды. Сол себепті ақша айналымы үлкейіп, құнсыздану үдерісі жылдамдайды.

7. Доллар номиналдары мақта мен зығырдан жасалады

Долларды басып шығаруда қолданылатын қағаздың 25%-ын зығыр, 75%-ын мақта құрайды. Бір банкнотаның салмағы — 1 грамм.

8. Ең жиі қолданылатын банкнота  $1

Әлемдік нарыққа шыққан барлық банкноталардың жартысы 1 долларлық номиналдардан тұрады. Ал 2 долларлық банкноталар соңғы рет 2003 жылы басылып шығарылды. 2 долларлық банкнотада АҚШ Тәуелсіздік декларациясының авторы, үшінші президент Томас Джефферсонның портреті бейнеленген.

9. Әрбір ақшада «In God We Trust» лозунгы жазылған

«Біз құдайға сенеміз» жазуы америкалық валюталарда алғаш рет 1864 жылы басылған. Тек 100 жылдан кейін ғана лозунг банкноталарда міндетті түрде басылуы керек деген заң қабылданады.

10. Доллар жанасуға өте төзімді болып дайындалады

Қазіргі таңда шығарылатын доллар номиналы 4 мың рет майысқанға дейін жыртылмайды. Сонда да әрбір номиналдың жарамдылық мерзімі белгіленген. Мысалы, 100 долларлық номинал 5 жылға дейін қолданылады. Ал 20 долларлығы 25 ай айналымда жүреді. Номинал құны төмендеген сайын қолданылу мерзімі де азаяды. Себебі олар көбірек қолданылады. Сәйкесінше жарамсыз хәлге тез жетеді. 

Ж. Өрісбай