Ерекше банкноттар топтамасы

Ерекше банкноттар топтамасы

Ерекше, қызық тіпті күлкілі ақшалардың топтамасы. Қызықты банкнот нұсқаларын сіздерге ұсынғалы отырмыз. Бұл валюталар түрлі елдерде, түрлі кезеңде шыққан. Сонымен қатар топтамада ақша жайлы қызықты деректер де жазылған.

Кез келген банкнот көбіне елдің саяси немесе мәдени өмірінің қандай да бір бөлігін бейнелейді. Мысалы, Ресей Империясының үлкен көлемді банкноты әбден ойластырылған. Бұл банкнот 1912 жылы Ресей Империясында Петр I-нің бейнесімен шыққан.  

1921 жылы Германияда болған дағдарыс кезінде шыққан ақша. Көрсетілген банкноттар өзінің дизайнымен таң қалдырады.

Фредерик Шопенннің суреті бейнеленген поляк банкінің банкноты

Қарапайым тиін суреті бар Белорусь банкінің банкноты. Белорусь ақшаларын халық ішінде қысқаша "Кішкене қоян" (Зайчик) деп атайтын себебі, бір рубльдік банкнотта қоян бейнесі болған екен. 

Ал мынау бізге мәлім ақша белгілерінің ішіндегі ең көнесі. Ең бірінші қағаз ақшаларды Қытай елінде біздің заманымыздың 800 жылдары қолданыла бастаған. Бірақ, 1380 жылы шыққан банкнот қана сақталған - бұл ең көне қағаз ақша болып есептеледі.

Ұлыбританияда Англия банкі қағаш ақшаларды қолданысқа 1694 жылы енгізді, алайда мұндай ақша тек 1921 жылдан бастап қолданыла бастады. Ондық валюталар Англия елінде 1971 жылдың 15 ақпанында енгізілген. 50 пенстік тиындар да шығарылған, бірақ алғашында олардың формалары сегіз бұрышты, тіпті он екі бұрышты болған. 

Шотландияда Уэльс пен Англиядан жекеленген түрлі мекемелер болған. Шотландық банкноттар Шотландия елінің өзінде де, Англияның кейбір бөліктерінде де қабылданған, бірақ кейбір дүкендерде қабылдамауы да мүмкін болатын. Соған қарамастан, аталған ақша ресми ақша деп саналып, кез келген қаржы мекемесінде қабылданды.

Солтүстік Ирландия ақшалары Шотландия банкноттары секілді Біріккен Патшалық территориясында қолданыла алатын. Дегенмен, олар Солтүстік Ирландия сыртында сирек кездеседі. Мысалға 2006 жылы атақты фуболшы Джодж Бестке арналып, шектеулі сериямен шыққан банкнотты айтуға болады.

Америкада болған азамат соғысы кезінде Конфедераттардың өзіндік қағаз ақша нұсқасы болған. Мысал ретінде сіздерге 1861 және 1864 жылғы 10 және 20 доларлық банкнотты ұсынамыз.

Ал мынау 1830 жылы шыққан Техас Республикасының ақшасы

Ал мынаны ең ерекше мәнет десек те болады. Ол Замбияда 2000 жылы Сидней қаласында болған Олимпиада ойындарының құрметіне  жасалған.

Зимбабвада болған гиперинфляция жайлы барлығыңыз хабардар шығарсыздар. Бұл елдің экономикалық жағдайы валютаға да әсерін тигізді. Мынау 2008 жылы шыққан 10 миллиондық купюра.

Уақыт өте 10 миллиондық купюра орнына осындай ақша келген.

Гиперинфляция басқа да елдерде өріс алды. Мысалы, Бірінші Дүниежүзілік соғыс барысында Германияда болды. Назарларыңзыға 1921 жылы 21 тамызда Дрезден қаласында шыққан 5 миллиондық ақшаны ұсынамыз.

Міне, 10 миллион марка

50 миллион марка

100 миллиард

500 миллиардтық марка

1923 жыл 3 Қараша күні Германияда 100 триллиондық купюра басылып шыққан.

Ал мына Азиялық валюта әлемдегі ең үлкен банкнот болып есептеледі. Оның ені - 16 см, ұзындығы - 16 см. Бұл ақша 1987 жылы Тайландта енгізілген. 

Сурет: wowfacts.net, foto.inform.kz

Ж. FM