АҚШ долларының неше түрін білесіз?

АҚШ долларының неше түрін білесіз?
Фото: http://fortune.com

Қалай ойлайсыздар, 100 доллар АҚШ-тың ең қомақты валютасы ма?

Егер бұл сұрақтың жауабын білмеген болсаңыздар, төмендегі тізбектеліп жазылған АҚШ-тың  қолданыста жүрген ең ірі ақша түрлерін тамашалаңыздар.

$500. Бұл ақша белгісінде Америка халқының 25-ші президенті Уильям Мак-Кинли бейнеленген. Ақша ретінде олар 1934-45 жылдары аралығында қолданыста жүрді. Алайда ол дегеніңіз қазір оны пайдалануға болмайды деген сөз емес, оны банк қызметкерлері қуана-қуана қабылдайды. Олардың бүгінде басым көпшілігі коллекционер жинағын толықтырып жүр.

$1000. Мына бір нұсқада АҚШ-тың тарихында 2 мәрте, алайда бір рет үзіліс жасап сайланған президент Стивен Гровер Кливлендтің суреті тұр. Ақша 1969 жылдан бастап ақша нарығынан шыға бастады.

5000 долларлық ақшада Американың төртінші президенті көрсетілген. Қазіргі таңда бұл түпнұсқаны банкке депозитке салып қойса болады. Ақшаның құны өте бағалы болғандықтан, халық мұны топтама ретінде сақтағанды жөн көреді.

$10000-та АҚШ-тың азамат соғысы уақытында өзінің күш жігерімен ел көзіне түскен қоғам қайраткері Сэмона Портленда Чейза көрсетілген. Ол Огайо штатында губернатор, кейіннен сенатор, Американың жоғары судьясы қызметтерін істеген. Президент Линкольн кезінде қаржы министрі болып жұмыс атқарған. Адам құлдығына қарсы бағыт ұстанған. Мемлекеттің оңтүстік аймағындағы бай, ауқатты жер иелеріне қарсы қатал саясат ұстана отырып, белсенді күрес жүргізген.

$100000. Бұл банкнот ақша нарығында ешқашан қолданыста болмаған. Олар тек банктер арасындағы федералды жүйе қорына келісім ретінде пайдаланылып жүрді. Бертін келе электронды ақша жүйесі пайда болғаннан бастап өмір сүруін тоқтатқан.

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Н. Нұрмаханұлы