- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Тарихқа ықпал еткен...
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Генератор
Өнертабыстың тарихы
1831 жылы франциялық Пеккерс қолмен айналдыратын қатты магнитті генераторды тұңғыш рет жасап шықты. 1866 жылы германиялық инженер Сименс магнит күші шекті қатты магниттің орнына электромагнитті пайдаланып, орасан зор ток шығара алатын генератор жасады. Маркстың қарауынша, бу патшасы өткен бір ғасырда бүкіл дүниені дүр сілкіндірді, қазір ток күші оның орнын басты. Ток күшінің пайда болуы мен қолданылуы адамзаттың екінші реткі техникалық төңкерісінің белгісі еді.
Өнертабыстың тарихи астары
Ток күші төңкерісінің бу машинасын белгі еткен бірінші реткі техникалық төңкерістен айырмашылығы, ол теорияның жетекшілігінде жүзеге асты. Германиялық Гаирк тұңғыш орнықты электр ток шығару машинасын, яғни, қолмен айналып тұрған күкірт шардың үйкелісі арқылы шар мен адам денесі бірдей зарядталатын ток шығару машинасын жасады. 1800 жылы Дания Копенгаген университетінің профессоры Ханс Кристиан Остер электр тогінің магниттік әсерін байқайды. Англиялық физик Фарадей электр мен магниттік қозғалыс барысында бір-бірін дүниеге әкелетінін және бір-біріне айналатын электромагниттік әсер құбылысын байқайды. Фарадей «Магниттік күш сызығы» ұғымын ортаға қойып, электромагнит әсерінің негізгі ережесін тұрақтандырып, ток шығару машинасының тапқырланып жасалуы үшін теориялық негіз қалады. Остер электрдің магнитті жасайтынын, Фарадей магниттің электрді пайда қылу тәжірибесін жасады. Тұйықталған ток жолында магнит ағыс мөлшерінде (магнит өрісінің кернеуінде) өзгеріс туылғанда, ток жолында индукциялық ток пайда болып, индукциялық токтың кернеуінің жоғары-төмендігі тұйықталған ток жолындағы магнит ағыс мөлшерінің өзгерісімен тура пропорционалды болады.
1831 жылы Париж қаласында тұратын Пеккерс Фарадейдің принципіне негізделіп, қолмен айналдыратын қатты магнитті ток шығару машинасын жасады. 1834 жылы Лондонда аспап жасау саудагері Кларк саудаға қолданылатын бағыттауыш орнатылған тұңғыш айналмалы ток шығарғыш жасады. Бұлардың барлығы қатты магнитті ток шығарғыш болып есептеледі. Аталған ток шығару құрылғысы қатты магнит немесе табиғи магнитті магнит өрісі ететіндіктен, магнитті темірдің магнит күшінің әсеріне ұшырап, жоғары кернеулі токпен қамдай алмады.
1866 жылы германиялық инженер Сименс электр машинасы шығарған қуат көзі арқылы электромагнитті токпен қамдайтын генераторды жобалады. Бұл өздігінен қозғалатын ток шығару машинасы деп те аталды. Бұл ток шығару машинасы электромагниттегі қалдық магнитпен қозғалады. Механикалық энергияны жоғары өнімділікпен жойқын қуат күшіне айналдыра алады. Электрды магнитке және магнитті электрге айналдыру бірлестірілгендіктен бұл өнертабыс электр энергиясы мен ток шығару машинасын кең көлемде қолданылатын энергия және машинаға айналдырды.
1819 жылы ресейлік инженер Доливо Добровольский үш фазалы айналмалы ток жеткізу техникасын тапқырлап, үш фазалы айналмалы ток шығару машинасын жасады. 1883 жылы Л. Голланд пен Дж. Гиббс тұңғыш кернеу өзгерткіш жасап, жоғары кернеулі ток таратуға шарт-жағдай әзірледі.
Өнертабыстың ықпалы
Электр энергиясының пайдаланылуы адамзаттың тұрмыс тәсілі мен өндіріс тәсілін түбірінен өзгертті.
Адамдар электрді хабар-байланыс амалы ретінде пайдаланып, адамзаттың тұрмысы мен өндірісіне терең ықпал жасады. Телеграмма, телефон, сөз қалдырғыш, сымсыз хабар-байланыс тектес жоғары технологияға жол ашты.
Бүгінде барша адамзаттың өмірі мен тұрмысын, мәдени-рухани болмысын да электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Ауыр өнеркәсіптен бастап, жеңіл, өндіру өнеркәсібіне дейін, алып шаһардан алыс ауылға дейін электр қуатынан бір елі де ажырай алмаймыз.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Пенициллин
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қан құю
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Комбайн
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Сиялы қалам
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: wikipedia.org
M. Auelkhan