- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Тарихқа ықпал еткен...
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея
Италиялық Алессандр Вольта 1800 жылы формасы қазіргі батареяға ұқсайтын тұңғыш батарея тізбегін жасады. Яғни, Волтьа батареясы. Уолта батареясының тапқырлануы электр қайнарына болған зерттеуді шабыттандырып, кейінгі мотордан генераторға дейінгі электр көліктерін жасауға үлкен үлес қосты. Ол дербес токпен қамауға жаңа жол салып қана қалмастан, «Екінші реткі қозғаушы күш төңкерісіне» де орай жаратты. Кейін ғалымдар электр өлшемінің кернеу бірлігін «Вольт» атауымен атады.
Тарихтағы Вольта батареясы
Бу машинасы «Бірінші реткі қозғаушы күш төңкерісі» капитализмнің дамуын зор дәрежеде ілгерілеткенімен, жалаң қозғаушы күш қайнары күн сайын артып отырғандықтан өнеркәсіптің даму қажетін қанағаттандыра алмай, замана жаңа қозғаушы күш қайнарын қажетсінген кезде, батареяның тапқырлануы осы бір объективтік қажетке сай келді.
Вольта тапқырлаған батарея оның ауылдасы, италиялық биолог Луис Гафани кездейсоқ байқаған құбылыстан келіп шыққан. Гафани боршалаған бақаны мыс сыммен іліп қойып, одан соң сым темірді бақаның аяғына тигізгенде, бақаның аяғы кенет серең еткенін байқайды. Сым темірді бақаның аяғына бірнеше рет тигізгенде де осындай жағдай қайталанады. Гафани мұның себебі бақаның бұлшық етінде деп қарайды. Ал, Вольта тәжірибе жасау арқылы қорытындыға келеді, екі тал ұқсамаған металл бақаның аяғына бір уақытта тигенде ток пайда болады, ток бақаның аяғынан емес, қайта металлдан шыққан. Вольта көп рет тәжірибе жасау арқылы мыс жапырақша мен мырыш жапырақшасын біріктіріп, басқа да материалдар қосу арқылы вольта батареясын жасап шығады.
Вольта батареясының тапқырлануы бір топ ғалымды электр ток саласында ізденіс жасауға жетелеп, көптеген теориялар ортаға қойылып, кейінгі дамуға үлестерін қосты. Англия ғалымы Майкл Фарадей батареяға зерттеу жүргізу арқылы электр тоғының қайнарына біршама дұрыс түсінік жасады. Ол: «Екі электр үйегінде жүрген химиялық реакциядан электр тоғы пайда болады» деді. Ол электрдың химиялық барысына кең көлемді ішкерлей зерттеу жүргізіп, қазірге дейінгі қолданылып келе жатқан электр химиясы атауларын ортаға қойды. Мысалы, электр үйегі, анод (оң электрод), катод (теріс электрод), электролит, оң ион және теріс ион қатарлылар.
Дербес электр қайнары ретінде батареяда өнімділігі жоғары, тұрақты, сенімді, алып жүруге қолайлы болу сынды артықшылықтары бар. Ол бүгінгі күндегі өнеркәсіп, хабар-байланыс, мемлекет қорғанысы, ғарыш технологиясы және күнделікті тұрмысқа кең көлемді қолданылуда. Батареяның жаппай қолданылуы айналып келіп батарея өнеркәсібінің дамуын ілгерілетіп, көптеген жаңаша батареялар жарыққа шықты.
Бірақ, мәселенің екінші жағы да бар. Көп мөлшердегі жарамсыз батарея ортаны ластап, адамдардың денсаулығына кесірін тигізуде. Бір тал жетінші нөмірлі батарея 600 литр суды ластайды. Бір тал бірінші нөмірлі батарея шірігенде бір квадрат метр жердің пайдалану құнын жояды. Жарамсыз болған батарея тұрмыстық қоқыстармен бірге біржақтылы етілсе, ол шіріген соң оның құрамындағы сынап, кадеми, қорғасын, никель сынды ауыр металлдар су мен топырақты ластап, азықтық тізбек арқылы ең соңында адамның денсаулығына ауыр зиян келтіреді екен. Сондықтан, жарамсыз батареяны жинап, арнайы біржайлы ету өте маңызды. Әлемде жарамсыз батареяны жоюдың өнімді амалы жоқ, тек кеңінен таралған мынадай әдістері бар: қатырып терең көму, керексіз кен құдықтарына тастау, жиып алып қайта өңдеуге беру.
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп
Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: Wikipedia.org
M. Auelkhan