Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Комбайн

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Комбайн

1831 жылы АҚШ-тық Сирус Мак Кормик комбайнды ойлап тапты. Ол араның тісі тәрізді жүзді комбайнның үлкен айналмалы оғына орнатып, алға жүргенде, үлкен оқты айналдырып, жүздер оң-солға тез қарқынмен жылжып, тісіне түскен егістіктің сабағын қиятын болған.

19 ғасырдан бұрын адамдар егістікті орақпен оратын. Англиялықтар ең бірінші болып егін ору техникасын машиналастыруды сынақ ретінде жасады. Олар орақ жүзі орнатылған айналмалы машина арқылы адамдардың егін орудағы қимылына еліктеп егін ору машинасын жобалаған-ды. Бірақ ол жоба сәтсіздікке ұшыраған соң, олар зат кесуге арналған кескішке еліктеп айналмалы орақ жасады, бірақ оның ғұмыры да ұзаққа барған жоқ.

1831 жылы Мак Кормик орақтың орнына араның жүзін пайдаланып егін ору машинасын тапқырлады. Жасаушы бұл техниканың кең жалпыласа алу-алмауын оның экономикалық жақтағы қажеттілікке байланысты екенін түсіне білді.

Мак АҚШ-тың шығысында өзінің бұл өнертабысына сұраныстың аз екенін түсінді. Себебі ондағы егіс алаңдарының комбайнды пайдалануға мүмкіндігі аз және қажеттілік төмен болды. Сонымен ол атамекені Фожериядан кетіп, орта және батыс өңірлерге барып егін ору техникасының базарын ашты. Ол жақтағы құнарлы әрі тегіс аңыздар комбайнның егістікті ору мүмкіндігіне үйлесіп кете барды.

Машинамен егін ору техникасының қолданылуы ауыл шаруашылығы еңбек күштерін ауыр дене еңбегінен азат етіп, ауыр техниканың дамуына мол мүмкіндік берді.

Машинамен егін ору үрдісі ауыл шаруашылығының басқа да механикалық техникаларымен бірге дамып, АҚШ дүниедегі ауыл шаруашылығы ең дамыған мемлекетке айналды. 20 ғасырдың 20 жылдары америкалықтар трактормен егін ору машинасын өзара біріктірді, кейін келе егін ору машинасы мен дән айыру машинасын да біріктіріп, комбайнның ең озық түрін жасап шықты. 1944 жылы комбайн АҚШ-та кең көлемде өндіріле бастады. 70 жылдарға келгенде егіс жұмыстарының қолмен істелетінін азайтып, өнімділікті арттыру үшін жер жырту, тұқымды сіңіру, тыңайтқыш беру, егістік құртын өлтіру, арамшөптер сынды жұмыстарды ретімен орындайтын жұмыс машинасы көптеп өндірілді. Дамыған елдерде ауыл шаруашылығын машиналастыру өткен ғасырдың 50-60 жылдарында орындалып болды.

АҚШ-тағы өнертабыстар тарихында кемені тапқырлаған Фултон, сымсыз хабарласуды тапқырлаған Морс, телефонды тапқырлаған Бер және өнертапқыштар патшасы Эдисон сынды әйгілі адамдар шықты. Мак Кормик таланты мен асқақ рухы арқылы қоғамның техникалық өнертабысты қабылдау барысын тездетті. Ол құрған компания тез арада дамып, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау кәсібінің нағыз серкесіне айналды.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар:  Пенициллин 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қан құю

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wikipedia.org

M. Auelkhan