Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

1756 жылы ағылшын инженері Джон Цмитон цементті ойлап тапты. Цементтің бірігуі мен қатаюы, майдалығы жағынан оған жетер құрылыс материалы әлі тапқырланған жоқ. Бүгінгі өнеркәсіптену мен қалалану үрдісі жоғары қарқында жүріп жатқан кезеңде оның алатын орны ерекше болмақ.

Адамдар ерте тарихта әктасын өртеп збош жасап, құрылыс материалы ретінде пайдаланған. Збошқа су құйған соң химиялық реакциясы жүріліп біткен соң, ол піскен збошқа айналады. Сумен илеген соң, тас немесе кірпіштің бетіне жаққанда біріктіру рөлін атқарады. Міне, бұл – ертедегі цемент.

1756 жылы ағылшын бұғазындағы сол кездегі Англия бойынша үшінші орында тұратын Эдисон маяк мұнарасы өртеніп, құлайды. Ол арадан өткен кемелер бағдар сілтегішінен айрылып, Англияның теңіз тасымал ісіне үлкен ықпал жасайды. Сонымен Англия үкіметі Джон Цмитонға жаңа маяк мұнарасын салу міндетін бұйырады.

Дауыл соғып, толық ұрған теңізде құрылыс салу үшін, сөз жоқ құрылыстың беріктігіне кепілдік ету керек. Джон Цмитон сол кездегі ең сапалы Италия әктасын өртеп збош жасамақ болады. Алайда, түрлі себептермен алыстан алдырған әктастар сапасыз болып, құрылыс жұмыстарын бастауға аз ғана уақыт қалғандықтан, Цмитон қайтадан әктасын әкелуге үлгермейді де, жұмысшыларға қолда бар әктастарды өртеп, құрылысты бастай бермек болады. Ойламаған жерден, осы сапасыз деген әктасынан өртеп алынған збоштың сапасы сапалы ақ әктастан әлдеқайда жақсы болып шығады. Онымен араластырылған цемент (Рим құрылысшылары өртелген әктасты істеткенде оған құм қосып илейтін, осындай түр сол дәуірде цемент деп аталған) қатқан соң, оны шой балғаның өзі шаға алмайтын болған. Цмитон салыстыра зерттеу арқылы, осы қара әктастың ақ әктасқа қарағанда құрамындағы сағыз топырақ құрамы 6-20% артық екенін, мұның берік болуы сол сағыз топырақтың қызметі екенін біледі. Сонымен, сағыз топырақ қосып өртелген збош құрылысқа кеңінен қолданылады. Осы материалмен салынған Эдисон маяк мұнарасы боран-шашында жүзнеше жыл бой созып тұрды.

Құрылыс біткен соң, Цмитон цементке тынбай зерттеу жүргізіп, цементтің сапасы барған сайын жақсарып, ол цемент өнертабысының іргетасын қалаушы болып танылды.

Цемент өндірістің өнеркәсіптенуіне ілесе жарыққа шығып, бүкіл дүниеге жалпыласты. Цемент пен болат материалдарынан жасалған сіріңке қорабы тәрізді ғимараттар мен зауыт цехтары, тұңғыш рет әртүрлі ұлттардың дәстүр шектемесіндегі әлемді бұзып, дүниежүзілік сипаттағы құрылыс формасын өмірге әкелді. Болатты бетонның тапқырлануына ілесе басқа да құрылыс материалдары, құрылыс машиналары өндіріліп, құрылыс кәсібі бұдан былай қарапайым өнеркәсіптік ірі өндіріс болып қана қалмастан, қайта біздің күнделікті тұрмысымызбен тығыз қатысы бар көркемөнерге айналды.

1848 жылы цементке деген күн сайын арта түскен қажеттілікті қанағаттандыру үшін Англияның Кент штатында дүниедегі тұңғыш цемент құмданын құрды. Кейін, ағылшын инженері Фридих Рансон айналмалы құмданды тапқырлап, цемент өндірісі сапалы, әрі, жоғары өнімділікке жетіп, цемент өндірісі ірі өнеркәсіптік өндіріске қадам басты. 2003 жылы бүкіл әлемде жылдық цемент өндіру мөлшері бір миллиард тоннадан асты. Жапондар 1963 жылы Батыс Германияда тапқырлаған көп мөлшердегі жылуды үнемдей алатын қалқымалы жылытқыш арқылы кептіру өнерін өндіріске енгізіп, цемент өндірудегі сарып болатын энергияның жартысын үнемдеп, өнім мөлшерін зор дәрежеде жоғарылатып, әрбір цемент жұмысшысы жылына өндіретін цементі 32400 тоннаға жетіп, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында Жапония дүниедегі цемент өндіретін ірі елдер қатарына енді.

Ал, Қазақ елінде цемент өндірісі Қазан төңкерісіне дейін жалғыз Шу цемент зауытында ғана болды. Кейін Састөбе (1952, Оңтүстік Қазақстан облысы), Қарағанды (1953), Шымкент (1958), Семей (1958) және Өскемен (1961) цемент зауыттары іске қосылды.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: junkmail.co.za, gazeta.kz

M. Auelkhan