Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Қытайда жаңа Титаник соғылмақ

Қытайда жаңа Титаник соғылмақ

Қытайда жаңа Титаник соғылмақ

«Джинлинь» компаниясының Нанкиндегі кеме шығаратын орны австралиялық миллиардердің тапсырысы бойынша «Титаниктің» көшірмесін соғуға арналған жабдықтарды жаңартуды аяқтады.

Әйгілі кеменің көшірмесін Қытайда жасау тапсырысы 2012 жылдың сәуірінде австралиялық миллиардер Клив Палмерден түскен. Ол осылайша, өзінің бала кезіндегі арманын орындағысы келген екен.

Палмердің айтуынша, Титаник-2-нің 2016 жылға жоспарланған алғашқы круизінде барлық жолаушыларға берілетін ас 1912 жылғы менюмен сайма-сай келеді. Әзірге кеме билеттері сатылымға түспеген. Дегенмен, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, ОАР елдерінің азаматтары теңіз саяхатына «Титаник» көшірмесінде аттануға ниет білдіріп, жарты миллион доллардан астам қаражат ұсынып отырған көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, «Титаник» 1912 жылы 14 сәуір күні айсбергпен болған соқтығыстан соң суға батқан еді. Ресми деректерге сүйенсек, бұл апат 1514 жолаушының өмірін әкетті. Ал 710 адам аман қалды. «Титаниктің» алғашқы және соңғы саяхаты содан бері көптеген көркем фильмдердің негізгі желісіне айналды. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mgm.com.ua 

1282 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 19 ақпан 2013, 17:50
Пікірлер
+0
19 ақпан 2013, 17:41

Біртүрлі үрейлі... Бірақ қызық :roll:

+0
19 ақпан 2013, 17:56

қытайда арзан болғасын сол жақта соғып жатқан шығар

+0
19 ақпан 2013, 17:59

жақсы жаңалық екен. Тек енді китайский айсберге жасап шығарса

+0
19 ақпан 2013, 18:08

қытайга тан калудын кажети жок деп оилаим ;)

+0
19 ақпан 2013, 19:54

керек емес сияқты, дара болып қалғаны жақсы еді :roll:

+0
19 ақпан 2013, 23:44

оқиғасы қайталанбаса болғаны да

+0
20 ақпан 2013, 23:10

Не үшін қайта жасатады екен. Бір рет сынақтан өтпей қалды емес пе

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...