- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Шын мәнінде "Титаник"...
Шын мәнінде "Титаник" қалай батты?
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде әлемдегі жолаушысы ең көп кемелердің бірі "Титаниктің" апатқа ұшырағанына 100 жыл болды. Осы оқиғаға орай, танымал кинорежиссер Джеймс Кэмерон және оның командасы “National Geographic” телеканалына арнайы қысқа мерзімді фильм жасады. Бұл фильм атақты кеменің шын мәнісінде қалай апатқа ұшырап және кеме қалдықтарының мұхит түбіне қалай батқаны жайлы болды.
Өкінішке орай, бұл роликте Леонардо Ди Каприоға рөл табылмады. Дегенмен, оның табынушылары оған ренжи қоймас. Себебі бірнеше апта бұрын әлемнің барлық кинотеатрларында 3D форматтағы "Титаник" фильмінің қайталама нұсқасының премьерасы болып өтті.
Естеріңізге сала кетсек, әйгілі кеме өзінің алғашқы сапарында айсбергке соғысып, апатқа ұшыраған болатын.
Сурет: mirfactov.net
Ж. FM