"Титаник II" кемесі құрастырылмақ

"Титаник II" кемесі құрастырылмақ

Әйгілі "Титаниктің" түпнұсқасы

Тарихи оқиға жайлы Джеймс Кэмеронның бүкіл әлемге әйгілі "Титаник" атты кинотуындысы 1997 жылы жарық көрген болатын. 1912 жылы 14 сәуір күні алып кеме мұхиттағы мұзды тауға соғылып, нәтижесінде 2224 жолаушысы суға батып кетті. Сол түні 1513 адам бақилық болды.

Австралияның ең бай, әл-ауқаты мол азаматтарының бірі Клайв Палмер "Титаник II" құрастыруды қолға алатынын мәлімдеді. Миллиардер бұл құрылысты қытайлық CSC Jinling Shipyard компаниясының иығына жүктеген.

Жоба бойынша, жаңа кеме түпнұсқаның өлшемдерімен пара-пар болмақ. Көшірме нағыз "Титаник" сияқты әдемі әрі техникалық жабдықталу жағынан қауіпсіз болады деп болжанып отыр. "Жаңа кеме навигациялық құрылғылардың біршама санымен, заманауи техниканың жаңа түрлерімен қамтылатын болады" - деді Палмер. Кемедегі 890 бөлме мен 9 палуба, сондай-ақ, бірнеше бассейн, мейрамхана мен кітапханалар жолаушыларға қызмет көрсететін болады.

Жаңа "Титаник II" құрылысы Палмердің қалтасын қаншалықты жұқартатыны белгісіз. Болжам бойынша, жаңа кеменің алғашқы рейсі 2016 жылы Англиядан Нью-Йорк қаласына дейін жүріп өтпек.

Егер де барлығы Палмердің жоспарлағаны бойынша өтсе, бірнеше жылдан кейін әйгілі "Титаниктің" суға шыққанын бақылап, тарихи оқиғаның куәгері болуымыз ғажап емес. Тек екінші үлгі түпнұсқаның кебін кимесе болғаны.

Сурет:demiart.ru