Мьянмада 99 млн жыл бұрын тіршілік еткен қоңыз табылды

Мьянмада 99 млн жыл бұрын тіршілік еткен қоңыз табылды
Фото: El Universal

Тарихи деректердің табынушылары үшін тың жаңалық. Британдық ғалымдар Мьянма аумағында осыдан 99 млн жыл бұрын тіршілік еткен қоңызды тауып алды. Оның қалдықтары шайыр ағашынан түзілген асыл тастан шықты. Бұл туралы Current Biology хабарлайды.

Ғалымдардың айтуынша, қоңыздар өсімдіктерді ежелгі Юра кезеңніен бері тозаңдандырған. Бұл тіпті жабық тұқымды өсімдіктер жер бетінде кеңінен таралған және аралар пайда болғанға дейін болған жәйт екен.

Тозаңдаушы қоңыздың бас бөлігі үлкен және мұртшалары бар, сондай-ақ олардың тырнақтары өте өткір болып келеді. Мұнымен қатар олардың өсімдіктерді бұрынғы болжамнан 200 мың уақыт бұрын тозаңдатқаны анықталып отыр.

Дереккөз: 24.kz

Ө. Сансызбай