Өзге ғаламшарлықтар тәжірибесі: Аргентинадағы сиырлар өлімі

Өзге ғаламшарлықтар тәжірибесі: Аргентинадағы сиырлар өлімі
Фото: irozhlas.c

Аргентинаның Санта-Фе провинциясында бірнеше айдан бері фермерлердің сиырларына қатысты жұмбақ оқиға орын алып келеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар бірінен кейін бірі белгісіз жағдайда қырылып жатыр.

Оқиға жергілікті халыққа зиян келтіріп, тауып отырған несібесінен айырып жатыр. Тіпті кейбір адамдардың бүкіл сиырын бір түнде жаппай өлтіріп кеткен кезі де болған. Жергілікті полиция қызметкерлері қылмыскерді анықтай алған жоқ. Ал адамдардың айтуынша, бұл өзге ғаламшарлықтардың жердегі жануарлар үстіндегі тәжірибесі. Себебі, барлық сиырлар өте дәлдікпен бір жерінен лазер сынды өткір құралмен кесілген және бірде-бір қан тамшысы жоқ. Барлық сиырдың жақ терілерін сыпырып алып кетеді екен. Тағы да айта кетерлігі өлген сиырларға не шыбын, не өлексе жейтін ит-құс та жақындамайды. Фермерлер мұны өзге ғаламшарлықтар немесе аңыз жануар чупакабра істегеніне сенімді. 

Сондай фермерлердің бірі Норберто Бьеридің жақында ғана алты сиырын осылай өлтіріп кеткен. "Сиырларымның тілі мен жағы жоқ. Теріге пышақ ізі түспеген. Оны лазер сынды өткір құралмен кескен сияқты. Себебі, өлген сиырлардан бір тамшы да қан шықпаған және барлығы бір жерден, өте дәлдікпен бауыздалған. Меніңше, бұл адамдардың қолынан келмейтін іс", – дейді ол.

 
Полицияның да бұл сөзге сенуден басқа амалдары жоқ. Олар қылмыс үстінде қанша іздестіру жасағынымен, ешқандай белгі немесе қылмыскерден қалатын із таппаған. 

Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай бұрын да орын алғанын айтады. Оқиғадан бұрын аспанда қызыл түсті шарлар көрінеді екен. Ал, фермерлер бұл құпия әскери ұйымның немесе өзге ғаламшарлық пен чупакабраның ісі екеніне сенеді.

Т. Раушанұлы