Аң патшасы туралы қызықты деректер

Аң патшасы туралы қызықты деректер
Фото: thinglink.com

Аң патшасы – арыстан. Ол құрлықтағы жыртқыш аңдардың ең ірісі әрі ең мықтысы саналады. Орта африкалық тұқымы шамамен 350 фунт (160 килограмм) тартады, ұзындығы шамамен 8.5 футқа (2.6 метр) жетеді. Осы бір мысық тұқымды жыртқыш жануардың біз білмейтін басқа қандай ерекшеліктері бар? Соны біліп көрейік.

1. Арыстанның дене ұзындығы - 2,5 м кейде 3 м-ден де асып кетеді. Мұнысымен ол құрлықтағы ұзын жануар болып есептеледі. 

2. Еркек арыстандар - 270-280 кг, ұрғашылары - 170-180 кг тартады.  Бербер арыстандары (Barbary Lion) арыстандардың ішіндегі ең ірісі болып есептеледі. Олардың салмағы 310-320 кг-нан асады. 

3. Арыстанның көзі түнде өте жақсы көреді. Тіпті түнгі көріністі адамнан 4 есе анық көреді. 

4. Арыстандардың тырнақтары 10 см, ұрғашыларында 8 см-дей болады. Өте өткір, әрі мықты жаратылған. 

5. Арыстан мысық тұқымдылардың ішіндегі топпен, яғни, праидпен өмір сүретін жалғыз жануар. Әр праидта 1-2, арасында 3 еркек арыстан, 10-15 ұрғашы арыстан болады. Праидты еркек арыстан басқарады. Және әр праидтың мекендейтін жерлері, шекарасы болады.

6. Арыстан ұсақ жануарларды да, ірі жануарларды да аулайды. Ұрғашы арыстандар көбіне аң аулаумен айналысса, еркектері көбіне шекараны күзетеді. Ұрғашы арыстандар топпен жүріп аң аулайды.

7. Арыстан күркіреп ақырған кезде дауысы 8 шақырымға дейін естіледі.

8. Арыстан салмағының ауырлығына қарамастан, жылдам жүгіреді. Ұрғашы арыстандар 80 км/сағ жылдамдықпен, ал, еркек арыстандар 60-70 км/сағ жылдамдықпен жүгіреді.

9. Еркек арыстандардың басқа жануарлардан айырмашылығы – олардың мойындарын айнала өсетін шаштары болады. Олардың мойнындағы шаштары шайқас кезінде зақым алудан қорғап тұрады. Ұрғашыларында өспейді.

Ж. Жұмағұлов