Алғаш рет ақ арыстан мен ақ жолбарыстың балалары дүниеге келді

Алғаш рет ақ арыстан мен ақ жолбарыстың балалары дүниеге келді
Фото: pixgood.com

Жақында Американың Оңтүстік Каролина штатында Айвори есімді ақ арыстан мен Сарасвати атты ақ жолбарыстың 4 баласы дүниеге келді. Олар сырт келбеті бойынша жолбарыстың баласына ұқсайды, алайда олар өскенде арыстанның кескініне ие болады. Әлемде мұндай құбылыстың мыңнан аса түрі болғанымен, ақ арыстан мен ақ жолбарыстың әрекеттесуі алғаш рет болып отыр екен.

Аң патшасы арыстан мен жолбарыстан туған төлді қалай атаймыз? Олар «лигер» (ағыл. liger) деп аталады. Жер шарында мұндай типтес жануардың саны шектеулі. 4 лигердің аты: Йети, Одлин, Самсон және Аполлон. Бұл лигерлер хайуан жаттықтырушыларының ерен еңбектерінің нәтижесінде туған. Ғалымдардың айтуынша, мұндай құбылыс жабайы табиғатта жоқ. Ең қызығы лигерлер әкесіне де, шешесіне де бірдей ұқсас болып туған. 

Н. Нұрмаханұлы