Бір минут ішінде әлемде қандай өзгерістер болады?

Бір минут ішінде әлемде қандай өзгерістер болады?
Фото: distance.ru/

Қырық құбылған қызыққа толы дүниеде секунд сайын өзгерістер орын алып жатады. Көзіңізді ашып жұмғанша, бір сәтте бірнеше оқиға өтіп кетеді екен. Сіз өте аз деп есептейтін бір минут бірнеше тағдырды шешетін құдіретке ие. Сонымен, мың сан қабатты әлемде бір минут ішінде қандай өзгерістер болады екен? Біле отырыңыз!

Бір минут ішінде:

1) Жүрек 72 рет соғады;

2) 116 адам үйленеді;

3) 144 адам жаңа үйге көшеді;

4) Бүкіл әлем бойынша 258 сәби дүние есігін ашады;

5) 5 рет жер сілкінісі болады;

6) 58 ұшақ әлемнің әр тарапына ұшады;

7) Ғаламтор бетінде 571 сайт пайда болады;

8) 243 000 сурет Facebook әлеуметтік желісіне салынады;

9) Ал, 250 000 000-ға жуық сурет Instagram әлеуметтік желісіне салынады;

10) 2 468 177 келі қоқыс пайда болады;

11) 2 000 000 адам Google іздеу жүйесінің көмегіне жүгінеді;

12) 107 адам өлім құшады, оның екеуі жол апатынан қаза табады;

13) Найзағай жер шарына 6 000 рет түседі;

14) Адам 10 рет көзін қағады;

15) 113 сәби кедей отбасында өмірге келеді.

Көрдіңіз бе? Өте қысқа ғана 1 минут уақытта әлем түрленеді. Өзіңіз ойлап қараңыз, бұл 1 минуттағы көрсеткіш қана. Ал, бір күнде 24 сағат бар. 

Ж. Жұмағұлов