Сәби – адамды алдауда кәсіби маман

Сәби – адамды алдауда кәсіби маман
Фото: photo-studio.kz

Бұл болжам ғылыми тұрғыда расталған. Зерттеу барысында осы болжамға арнайы тәжірбе жүргізілген екен. Сан-Диего университетінің мамандары сәбилердің себепсіз күлмейтінін анықтаған. Олар ата-анасы күлкімен жауап қатуы үшін күледі екен.

Тәжірибеге төрт айлық сәбиі бар 30 ана және сәби секілді қуыршақ-роботтар мен еріктілер қатысқан. Ғалымдардың басты мақсаты сәбилердің не үшін күлетінін анықтау. Ал, сәбилердің күлгендегі мақсаты қандай екен?

Зерттеу қорытындысы ғалымдарды таңғалдырған. «Сәби – адамды алдауда кәсіби маман» дейді олар. Ата-анасының жабырқау қабағын көрсе, күліп, оларды күлдіруге тырысады екен, ал егер ата-анасы жайдар болса, балақайлар одан сайын жымиып, жымиысы күлкіге алмасады екен.  Күлкі сыйлаудың кішкентай «мамандары» қай кезде назар аудару керектігін біліп жататын көрінеді.

Бұл қорытындыдан басқа да бір қызық дерек табылған. Зерттеу барысында сәбилердің тектен-тек, ата-анасына деген махаббаттан күлмейтінін анықтаған. Сәбилер өздері күлген соң, өздеріне дәл сондай жауап күтеді екен. Ана мен сәбидің арасындағы стратегия екі түрлі болып шықты. Егер ана «Балам көп көңіл бөлінсінші» десе, сәбилер «Ата-анам маған ұзақ күлімдесінші»  деген ой байқалған. Ата-анасы күлімдесе және ұзақ күлімдесе, сәби мақсатының орындалғаны.

Г. Берік