Әлем қызықтары

Әлем қызықтары

Әлемде талай қызық бар... 

Ғажайып жарыстар

  • Жылау жарысы. 1986 жылы Америкада өткізілген жылау жарысында 19 жастағы Клор Хад есімді бойжеткен төрт сағат жиырма бір секунд жылап, жүлде алған.
  • Дабыл қағу жарысы. Америкалық Лаурент Лей 1982 жылғы 22 қыркүйектен бастап қаққан дабылды 3 қарашаға дейін жалғастырып, мың сағат алты минуттық нәтижемен жүлде алған.
  • Теледидар көру жарысы. Аустралияда өткен бұл жарыста 24 жастағы Деви Уз Синей есімді жігіт 168 сағат (7 тәулік) теледидар көріп, бас жүлдені еншілеген.

Голландия елінде мынадай ғажайып сақтандырулар бар: 

  • Егер балаңыз өзінікі емес, әйелінің көңілдесінікі болса, отағасына 500 еуро сақтандыру ақысын төлейді.
  • Егер сізді басқа ғаламшарлықтар барымталап әкетсе және мұны ғарыш кемесі қызметкерлері куәландыраса, онда сіздің отбасыңызға 5000 еуро төлейді.
  • Егер кілтіңізді үйге ұмытып, кіре алмай қалсаңыз, онда компания сол кездегі уақыт пен аптаға негізделе отырып, сізге 100 еуро төлейді.
  • Егер мемлекет арақ ішуге тыйым салып, сіз заңды түрде арақ іше алмай қалсаңыз, онда 500 еуро төлем ақыға ие боласыз.
  • Жергілкті дін өкілдері Құдайға сыйынып, тілегі қабыл болмаса, 100 еуро төлем ақыға ие болады.
  • Егер біреулер сізді жасырын суретке түсірсе, онда 1000 еуро төлем ақыға ие боласыз.

Өсімдіктер әлемі

  • Жер бетіндегі ең ұзын өсімдік – Бразилия орманында өсетін «Оңтүстік Америка сары лениясы» атты өсімдік. Ұзындығы 1800 метрге жетеді.
  • Ең ұзақ жасайтын өсімдік – Аустралияда өсетін Сигас ағашы. Шамамен 12-15 мың жыл өмір сүреді.
  • Ең үлкен өсімдік – Калифорния штатындағы Генерал Шерман деген ағаш. Биіктігі 83 метр. Діңінің ұзындығы 31 метр. Ауырлығы шамамен 6 мың тонна.
  • Ең кішкене гүл – Әнжүр ағашының гүлі. Оны тек микроскоппен ғана көруге болады.
  • Жапырағы қурамайтын өсімдік – Анголада өсетін ангола ағашы. Жапырағы 100 жыл өтсе де, қурамайды. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: mirfactov.com

Қ. Қауымбек