Қоқыстан жасалған қолөнер туындылары

Португалиялық Артур Бордало есімді көше суретшісі таңғажайып дүние ойлап тапты. Ол көшедегі қоқыстармен жануарларды бейнелеп, ластанған мекенді гүлдендіруге талпынды. Осы туындылары арқылы жергілікті тұрғындарды маңайын таза ұстауға үндеді. Керемет өнерге тамсанғандар "мұндай да болады екен" деп бас шайқап жүрген көрінеді. Артур Бордалоның жасаған ерекше туындыларына баға бере отырыңыздар.