Cуретшісі нүктемен сурет салу тәсілін көрсетті (видео)

Cуретшісі нүктемен сурет салу тәсілін көрсетті (видео)
Фото: artprice.com

Суретші Давид Байо қарындашпен нүкте қойып, сөйтіп ақ қағазда жүз мыңдаған нүктені қосып сурет сала алады. Бұл жұмысқа ондаған сағат уақыт керек. Байо осы еңбекті жұртшылыққа көрсетпек болды.

Тоқсан сағаттық жұмысты суретші үш минуттық роликке сыйдырды. Бұл уақытта ақ парақта нүктелерден бейне құрастырылып, ең соңында қыздың портреті пайда болады.  

«Осындай суреттерді салу үшін акварель пайдалана аламын ба екенін сұрайды, алайда аталған сурет үшін ең дұрысы сия», – деп жазды видеоның астына франциялық суретші.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы