Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Денеге сурет салу (наколка) шариғатқа қайшы ма?

Денеге сурет салу (наколка) шариғатқа қайшы ма?

Денеге сурет салу (наколка) шариғатқа қайшы ма?

Денеге сурет салу шариғатқа қайшы. Себебі шариғат бойынша сурет салу немесе салдырудың үкімі - харам. Яғни тәнге сурет салуға тыйым салынған. Өйткені Алланың өте көркем түрде жаратқан тәнді өзгерткен болып саналады. Негізінде адам баласы мұндай жаман істерге шайтанның азғыруымен, бұйрығымен барады. Бұл туралы Алла тағала Құранның «Ниса» сүресінің 119-аятында ескерткен. Денеге сурет салу немесе салдыру сияқты мәселелердің негізі Исламнан бұрын болған. Яғни жәһилиет дәуірінде кейбір адамдар пұттарының суреттерін кеуделеріне, қолдарына сызып алатын. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Денеге сурет салғанға да, салдырғанға да Алла елшісінің лағнеті болсын» - деу арқылы қатаң түрде сурет салуға болмайтындығын ескерткен. Сондықтан денеге сурет салдырудан сақтанған жөн. Исламды кейіннен қабылдаған жан бұл істің харам екенін кеш білсе, денесіндегі суретті кетірген абзал. Ал кетпейтіндей болса Алладан кешірім сұрап тәубе жасау керек. Сондай-ақ қайтыс болғанда сурет салынған жерді кесіп алып тастайды деген дұрыс емес. Алла тағала шынайы ықылас, ниетпен жасалған тәубаны қабыл етуші. Алла елшісінің (с.ғ.с.) Амир ибн Асқа (р.а.): «Исламға кіру - бұрынғы күнәларды жояды» деген хадисі де осыны анықтай түседі.

 

Дұрыс түсінулеріңізді сұранам, денеге сурет салу, әрине біріншіден харам, екіншіден ол түрлі ауруларға шылдықтырады, бүгін болмаса да бірнеше жылдардан кейін...Достар, мені "қайдан шыққан молда" деп жатқан шығарсыздар?! Біреулерге менің блогтарым ұнамайтын да шығар... Меніңше ислам діні туралы да аз да болса мағлұмат алған дұрыс деп ойлаймын. Осы сайттын ашылғанына ризамын))).

11541 19
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 28 қаңтар 2012, 16:39
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2012, 17:02

Жоқ неге, жазбаңыз ұнады маған.

Сосын шайтанның азғыруымен дегенды түсінбеймін. Ешқандай да шайтан емес, ешқандай да азғыру емес деп ойлаймын. Жәй басқаша ойлайтын, басқаша заттарға қызығатын адамдар жасататын наколкаларды. Бір стандартпен жүргісі келмейтін шығар? Мен жазда өзіме тату жасатқым келді, прям армандадым соны. Но шариғатқа қарсы дегенді естіп қоя салдым :(

Сосын тағы бір сұрақ: қазір қыздар қасына, көзіне татуаж жасатады ғой. Сол да шариғатқа қарсы болып есептеле ме?

+0
28 қаңтар 2012, 17:39

Жазып тұрыңыз, әрине. Діни сауатты болу маңызды ғой. Бірақ араларын жиілетпесеңіз болды. )

+0
28 қаңтар 2012, 19:28

Иә, тырнақты да, шашты да алуға болмайды. Неге біз құдай жаратқан келбетімізді өзгертеміз?! Шашты өсетін қып жаратты ма, яғни ол солай өсуі тиіс, қысқартуға болмайды

+0
29 қаңтар 2012, 02:31

Тырнақты алуға болмайды дегенді бірінші рет естіп тұрмын! Керісінше тырнақ ұзын болса, дәрет қабыл болмайды деп есептелінеді. Тырнақты өсіруге болмайды. Ал шашты қиюға болмайды дегенге келіспеймін. Шашқа да күтім керек. Аллаһ сұлулықты жақсы көреді. Адам өзін-өзі күтініп, таза жүрген дұрыс. Ер адамдар шаштарын қимаса, не болады сонда))

+0
29 қаңтар 2012, 02:43

Соны айтам ғой, Аллаһ сұлулықты жақсы көреді, сондықтан әдееемі тату салып алу сауап болып саналады

+0
29 қаңтар 2012, 02:45

Мен ондай мағынада айтқан жоқпын!

+1
31 наурыз 2016, 02:29

тырнакты ар жума сайын алу кажет!
жане тырнактын астында шайтан оз балалайды дегенды окыганмын!

+0
28 қаңтар 2012, 20:41

Дұрыс, постыңыз жақсы жазылған! Мұндай мақалаларды қолдаймын!

+0
28 қаңтар 2012, 23:03

Көптен көп рахмет))). Діни және иман, ислам діні туралы жақсы мақалалар жазуға тырысам. Мадлен сізге діни сауат туралы оқуыңыз керек-ау деп ойлаймын, болмаса "шайтанның азғыруы" туралы өзім мақала жазармын...

+0
29 қаңтар 2012, 02:22

ұлу жылы денеме алғашқы тату салғызбақпын

+0
29 қаңтар 2012, 02:32

Қандаааай? Керек емес Ботик!

+0
29 қаңтар 2012, 02:49

керек емес деген кезде мен не нарсені де екі есе жасаймын))))

+0
29 қаңтар 2012, 02:50

:(((((((((( Керек онда!!!)

+0
29 қаңтар 2012, 02:51

оң жақ иығыма, сол жақ омырауыма (емшегіме))))) және жамбасыма керек))))

+0
31 наурыз 2016, 02:32

Харам дедыма болд коя салу кажетко олай салгыласпай!

+0
29 қаңтар 2012, 16:10

Аллаһ сұлулықты жақсы көреді, бірақ тату салдырудың қажеті жоқ. Өйткені Алланың өте көркем түрде жаратқан тәнді өзгерткен болып саналады. (Болат Мұхтар)

+0
12 ақпан 2012, 01:47

жаза бериниз оте унады.. Казакстан Республикасында али кунге деин соз бостандыгына ешким запрет коймады,сыртта айта алмаган дуниелеримизди ен болмаса интернетте айтайык))

+0
02 ақпан 2012, 18:46

Алланың әмірімен өзгертем ғо))))

+0
12 ақпан 2012, 01:43

соз тусинбеитин адамдарга таным бар((

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев