Акуланың су бетіне секіргенін көргенсіз бе?

Акуланың су бетіне секіргенін көргенсіз бе?
Фото: todayithurts.wordpress.com

Әдетте теңіздегі ең жыртқыш балық су бетіне сирек шығады. Ол киттер секілді ауамен қамдану үшін судың бетіне шығуды қажет етпейді. Ал кейде олардың да сауық құрып, су бетінде секіріп ойнайтын кездері болады екен.

Кішкене катерде балық аулап жатқан екі кісі бұрын соңды болмаған жағдайға тап болған. Акула судан 4 метр биіктікке дейін секіріп, бірнеше рет ауада айналған. Бұл катерден алыс емес жерде болғандықтан, балықшылар шошып кетеді. Балықшылардың бірі бар болған жағдайды камераға түсіріп алыпты.

Бұл жағдайдың нақты қай жерде болғаны белгісіз. балықшылардың да қай ел азаматтары екені әзірге анықталмай тұр. Дегенмен ғалымдар акуланың мұндай әрекетке бару себебін анықтау керек екенін айтады. 

Ж. Өрісбай