Мұхитта адасып кеткен азаматты акула құтқарды

Мұхитта адасып кеткен азаматты акула құтқарды

Полиция қызметкері 100 күн бойы ашық мұхитта адасып жүрді. MIGnews-тың айтуынша, азаматты өлімнен акула құтқарып қалды.

41 жастағы алты баланың әкесіне бұл қатерлі сынақ 27 мамыр күні түсті. Полицей қызметкері өзінің 52 жастағы күйеу баласымен бірігіп екі күндік теңіз саяхатын ұйымдастырып, Тынық мұхиты айдынына аттанып кеткен. Кешкісін балық аулап болып ұйқыға кіріскен олар ұйқыдан тұрғанда ағыстың жетегінде кетіп, жағадан алыстап қалғандығын біледі. Қайықтағы жанармайдың таусылып, ауыз судың бітуі оларды өте қиын жағдайға тап қылды.

"Бізде жейтін тамақ болды, бірақ ішетін су болмады", - деп сұхбат берді Тейтой. Шөл азабының себебінен 4 маусым күні күйеу баласы дүние салады.

Бір күн өткен соң, дауыл басталды. Бұл балықшыға 19 литрлік 2 контейнерге су толтырып алуға мүмкіндік берді. "Мені тек екі нәрсе күтіп тұрды. Не мені біреу тауып алады немесе күйеу баламның соңынан мен де аттанатын болдым", - деп еске алды сол күндерді Тейтой.

Қыркүйектің бір күнінде азамат көкжиектен балық аулау кемесін көреді. Дегенмен адасушы қанша тырысса да, кеме мүшелері оны байқамады. "Бұдан соң көңілім түсіп ұйқыға кірістім. Біраз уақыттан соң, қатты дыбыстан оянып кеттім. 2 метрлік акула қайығымды айналшықтап жүр екен. Сол акула мені кемеге қарай жақындата түсті. Сәлден соң мені кеме экипажының көзі шалды", - деп көзіне жас алды Тейтой.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ru.tsn.ua