Сығандар туралы қызықты деректер

Сығандар туралы қызықты деректер

Сығандардың Үндіс халқынан тарағаны туралы біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Олар әлі күнге дейін Үнді фильмдерін аудармасыз қарап, тілін толық түсінеді. Алайда ғалымдар бұл халықтың неліктен жан-жаққа шашырап, тарап кеткенін әлі анықтай алмай отыр. Өйткені қазіргі таңда сығандарды Антрактидадан басқа барлық жерден кездестіруге болады. Тіпті Еуропа елдерінің өзінде 12 миллион сыған тіршілік етуде екен. 

Әр сыған үшін ең қорқынышты жаза - тобырдан қуылу болып табылады. Ол көбіне кісі өлімі сияқты жан түршігерлік оқиғалардан кейін орын алады. Әлемге кең таралған "лавэ" сөзі де осылардан тараған. Ол "ақша" дегенді білдіреді. Егер сығандардың бір құлағынан сырға көрсеңіз, демек ол отбасында жалғыз бала. Ал қысқа шашты сығанды сіз ешқашан көрмеген шығарсыз. Өйткені олар оны абыройы төгілгендік, масқаралық деп түсінеді. 

Сығандардың дәстүрлі әрі тұрақты тағамы - қуырылған немесе бұқтырылған кірпі. Бұл тағамды әсіресе поляк және балтық жағалауындағы сығандар қатты жақсы көреді. Сыған мерекелерінде мас адамды көру мүлде мүмкін емес. Өйткені оларда дастархан басында арақ ішу жат қылық болып саналады. 

Сыған халқы өте балажан болып келеді. Олар үшін бала асырап алу үйреншікті жағдай. Өздерінің дәстүрі бойынша балалы үйге міндетті түрде сыйлық ала бару керек. Және келген қонақтың балаға бір заты ұнап қалса, оны да сыйға тарту қажет. Анасы баласына дұрыс тәрбие бере білсе, халық алдында абыройы артып, көпке үлгі болады. Сығандардың басым көпшілігі христиан немесе ислам дінін ұстанады. Бірақ басқа да дін өкілдері бар. 

Өмірден өткен сығанның киімі, өлер алдында ұстаған заттары өзімен бірге көрге көміледі. Сонымен қатар босанған әйелдің киімдері де құртылуға тиіс. Жас-жұбайлар отау құрғаннан кейін, жігіттің жанұясында тұрып, уақыт өте келе бөлек шыға алады. Тек кіші балаларын қартайғанда көмек көрсету үшін ата-аналарына қалдырады.

Сыған қыз-келіншектерінің алтынға қатты қызығатындығының себебін ғалымдар былай түсіндіреді: "Егер жұптары жараспай, алда-жалда ажырасып кетіп жатса, кедейліктен құтқаратын жалғыз жол - алтындары", - дейді.

1944 жылы Польша мемлекетінде орналасқан неміс концлагері Освенцим жойылды. Ол жерде Еуропаның шығыс бөлігіндегі бас-аяғы 21 мыңға жуық сығанның көзі құртылған. Оның ішінде балалар да, аналар да, қариялар да бар. 

Сурет: www.playcast.ru

Оқи отырыңыз:

Қытайдағы күріш алқабы

Әлемдегі ең қорқынышты мұражай

Әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімі анықталды

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қымыз бен шұбат ішуге шақырады

Ж. Исакаев