Әлемдегі ең қорқынышты мұражай

Әлемдегі ең қорқынышты мұражай

Мальта - еуропа халқының туристік ортасына айналған мекені. Экваторлық климаты керемет кішкентай аралдың өзі халықтың ағылып келуіне себепші болып отыр. Алайда ол жерге барған саяхатшыларды тағы да бір ерекше мұражай күтеді. Ол - әлемдегі ең қорқынышты азап мұражайы. Жолыңыз түсіп, барып жатсаңыз мына қағидаларды ұмытпаңыз.

Кіре берісте азап құдығы тұрады. Оның қасында тұрып, суретке түсу тегін. Мұражай жүйке жүйесі нашарлаған адамдарға арналмаған. Өйткені сүйек толы қапшықтар, құдықтар, қорқынышты әуендер адамдарға қатты әсер етеді. Құдды бір көрші бөлмеде біреуді азаптап жатқандай дауыстар шығады.  

Сонымен қатар экскурсия жетекшілері де әр нәрсені ерекше толғаныспен, тебіреніспен айтады. Оның ішінде жан түршігерлік оқиғалар өте көп. Олардың әңгімелерінен кейін бойыңызды қорқыныш сезімі қалай билеп алғанын байқамай қаласыз. Тіпті бірінші бөлмемен таныстырып жатқанда шыдамай кетіп қалатындар да аз емес. 

Егер абайлап жүрмесеңіз адам бастары мен сүйектері жатқан құдыққа құлап кетуіңіз мүмкін. Мұражайдағы заттарды қолмен ұстауға қатаң тыйым салынады. Айыппұл көлемі өте жоғары сомманы құрайды. Ол жайлы билет алар кезде міндетті түрде ескертеді.  

Сурет: nafanko.livejournal.com

Оқи отырыңыз:

Сатурн серігінен тіршілік көзі табылды

Сотталған жануарлар болғанын білесіз бе?

Жойылуға жақын қалған әлемнің 10 халқы (фото)

Лондон көшесінен 400 жыл бұрын өмір сүрген 3 000 адамның сүйегі табылды

Ж. Исакаев