Әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімі анықталды

Әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімі анықталды

Дүниежүзі бойынша ең қымбат қалалар тізімін бұл жолы да Сингапур бастады, деп жазады 24.kz.

Одан соң рейтинг бойынша Париж бен Осло, Цюрих, аустралиялық Сидней мен Мельбурн, Женева және Копенгаген орналасқан.

Лондон мен Нью-Йорк бұл тізімнің тіпті алғашқы ондығына да кіре алмады. Ғаламшардың ірі қалаларындағы өмір сүру бағаларын Economists' Intelligence Unit бөлімінің сарапшылары салыстырған. Тізімді құрастыру кезінде жеке көлікті күнделікті пайдалану шығыны, киім-кешек, тамақ, қызметтер мен баспана бағасы ескерілген.

Токио мен Лондон он бірінші орынды тең бөлісіп, Нью-Йорк 26-дан 22-орынға көтерілген.  Экономистер жыл аяғына дейін бұл тізім күтпеген ретпен өзгеруі мүмкін екендігін ескертті.

2015 жылдың ең қымбат қалалары:

1. Сингапур, Сингапур

2. Париж, Франция

3. Осло, Норвегия

4. Цюрих, Швейцария

5. Сидней, Аустралия

6. Мельбурн, Аустралия

7. Женева, Швейцария

8. Копенгаген, Дания

9. Гонконг, Қытай

10. Сеул, Оңтүстік Корея

Сондай-ақ сарапшылар 2015 жылдың ең арзан шаһарлар тізімін де анықтады:  

1. Карачи, Пәкістан

2. Бангалор, Үндістан

3. Каракас, Венесуэла

4. Мумбаи, Үндістан

5.Ченнаи, Үндістан

6. Нью-Дели, Үндістан

7.Тегеран, Иран

8. Дамаск, Сирия

9. Катманду, Непал

10. Алжир, Алжир

Сурет: repindo.blogspot.com

Н. Айдархан