Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Әлемдегі ең үлкен тұзды көл

Әлемдегі ең үлкен тұзды көл

Әлемдегі ең үлкен тұзды көл

Солончак Уюни – әлемдегі ең үлкен тұзды көл. Ол 12 106 км² аумақты алып жатыр. Минчин деп аталатын үлкен тау көлі 25 000 жыл бұрын кеуіп, өзінен соң тек бірнеше шағын су қоймасын және екі алып ақ сортаң – Уюни мен Койпасты қалдырады.

Уюни тұзды көлі – Боливияның басты көрнекі жері. Бұл керемет пейзажды тамашалауға туристер әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Адамдар Уюниге жиі жаңбыр маусымында (қаңтар-ақпан) келуге тырысады: бұл уақытта тұзды шөл дала су қабатымен жабылып, алып айнаға айналады. Сол кезде жоғарыдан да, төменнен де аспан көрінеді. Бірақ құрғақ мерзімде де Уюни өте әдемі болып келеді.

Бұл жерден жыл сайын шамамен 20 тонна тұз алынады, ал Уюнидегі жалпы тұз қоры 10 миллиард тоннаға бағаланады. Ақ сортаңның құндылығы тек тұзбен шектелмейді: Уюниде шамамен 100 миллион тонна литий бар, ол әлемдік қордың 70%-ке дейінгі үлесін құрайды.

Боливияға көпшілік осы фантастикалық әдемі жерді көргенде өздерін басқа ғаламшарда жүргендей сезінгендерін айтады. Уюниде көңіл көтертетін істің бірі – қызық суреттер түсіру. Күннің шуағы, көгілдір аспан және шексіз тұзды алқап фильтрсіз-ақ кез келген суретіңізді ерекше етеді. Сол үшін де Уюни – әлемдегі суретшілердің сүйікті жерлерінің бірі.

Тұзды көлден басқа Уюнидің төңірегінде көруге болатын басқа да ерекше жерлер бар:

1. Кактустар аралы (Инки Инкауаси аралы)
Ертеде тұзды шөл даладағы бұл аралды Альтипаноны кесіп өткен адамдар аздап тынығып алуға пайдаланған. Бұл арал алып кактустарға толы. Бірақ кактустар аралына тек құрғақ мерзімде ғана баруға болады, ал жаңбыр маусымында аралға жол жоқ.

2. Кольчани (Colchani) – тұз өндірушілердің ауылы
Тұз – Кольчани тұрғындарының басты кіріс көзі. Гидтер туристерді осы ауылға апарып, тұзды қалай өндіретінін және тұзды кәсектерден қалай үй салатындығын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл ауылда дәстүрлі боливия стилінде жасалған ерекше кәдесыйлар сатылады.

3. Пойыздар зираты
Бұрын Боливия темір жолдар желісі бар ірі орталық болды. Өткен ғасырдың 40-жылдары тау өндірісі кірісінің төмендеуі бұл аймақтағы теміржолдың толықтай құлауына әкелді. Үлкен электровоздар, вагондар және локомотивтер тасталған. Пойыздар зиратындағы кей заттардың жасы жүз жылдан асады делінеді.

4. Жанартаулар мен мұздықтар
Бұл аймақта шығуға болатын жанартаулар мен мұздықтар көп: Ликанкабур жанартауы (Licancabur, 5960 м), Канделария мұздығы (Nevado Candelaria, 5995 м), Ольягуэ белсенді жанартауы (Ollague, 5865 м), Утурунку белсенді жанартауы (Uturuncu, 6020 м).

5. Тұзды қонақүйлер
Қала қонақтарын қабырғасы, төбесі және кей жиһаздары заманауи құрылыс материалдардан емес, тұздан жасалған қонақүйлерге апарады. Алғаш мұндай қонақүйлер 90-жылдардың ортасында ақ сортаңның қақ ортасына салынған. Мұндай ерекше қонақүйлер туралы жаңалық әлемге жылдам тарап, туристердің көп келуіне себеп болған. Алайда, қоршаған ортаға кері әсерін берген санитария мәселелері үшін қонақүйлерді жауып тастайды. Уақыт өте экологиялық стандарттарды сақтай отырып, оларды ақ сортаңның маңайына сала бастайды. Заманауи тұзды қонақүйлерде барлық керек-жарақ бар: кей қонақүйлерде монша мен джакузи де кездеседі.

Уюниде жаңбыр маусымы желтоқсаннан ақпан айына дейін болады. Дәл осы уақыт аралығында ақ сортаң аспан көрінетін алып айнаға айналады. Сондықтан туристер Уюниге жаңбыр маусымында келгенді жөн көреді, алайда жоғарыда айтқандай жаңбыр маусымында Уюнидің төңірегіндегі көптеген әдемі жерлерге жол болмайды.

Түнде тауда өте суық, кей айларда температура -10°С градусқа дейін түседі. Ал күндіз өте ыстық болып кетеді. Сондықтан ол жаққа барарда міндетті түрде жылы киімді де, жұқа киім де алу керек.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: explorebyyourself.com
Қосылған күні: 07 тамыз, 15:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.