Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Саяхатты сүйемін / Жапонияға жол түссе, нені білуіңіз керек?

Жапонияға жол түссе, нені білуіңіз керек?

Жапонияға жол түссе, нені білуіңіз керек?

Жапония мемлекеті дамыған өркениетінің арқасында кімді болса да баурап алары сөзсіз. Озық технологиясының рахатын, әсем жерлерінің табиғатын бір көруге жан баласының құмартатыны тағы бар. Алайда, жолыңыз болып жапон еліне сапар шексеңіз, ең алдымен барлық жағынан біршама мәлімет жинағаныңыз дұрыс. Себебі, кейде барған елдің мәдениетінен бейхабар туристер тез арада өз еліне оралғысы келетін жайттар көптеп кездеседі.

Көшеде, жүрген жерлеріңізде жапондармен олардың салты бойынша амандасқаныңыз дұрыс. Себебі "сәлеметсіз бе" деп, өтіп кеткеніңізді мәдениетсіздікке санайды. Күншығыс елінің халқы өздерінің бүлдіршіндерін жастайынан мәдениетті болып тәрбиеленуіне көп көңіл бөледі. Егер сіз әдепті болсаңыз, әрбір жапонның сізге деген құрметі артатыны сөзсіз.

Мейрамханаларда, кафелерде, бір сөзбен айтқанда тамақтанатын жерлерде жаныңызда отырған барлық адамның тамағы келмейінше, ас ішуді бастамаңыз. Даяшылар аспен бірге орамал алып келеді. Ол тек қол сүртуге арналған, онымен бетіңізді сүртіп, ыңғайсыз жағдайға қалмағаныңыз абзал. 

Жапонияда ешқашан даяшыларға шай пұл тастамаңыз. Олар мұны өзін мүсіркеу, аяу деп түсінуі мүмкін.

 

Таяқшамен тамақтана алмасаңыз, өзіңізді ыңғайсыз сезінбеңіз. Себебі ондай жағдайда сізді ешкім келемеждеп күлмейді. Керісінше, ескертіп қойсаңыз, арнайы шанышқы, қасық қойылатын мейрамханаларды көрсетуге тырысады. 

 

Аяқ киіміңізді есіктің алдына шешіп кеткеніңіз абзал. Бұл жапондарға сіздің де тазалықты жақсы көретініңізді көрсетеді.

 

Бетіңізге медициналық маска кимеуге тырысыңыз. Өйткені құс тұмауы мен өзге де қауіпті аурулар таралып жатқандықтан халық мұндай адамдарға үреймен қарайды. Тіпті, сізден теріс бұрылып кетуі де ғажап емес.

 

Жапондар секілді өмір сүруге бейімделгеніңіз абзал. Қоғамдық жерлерде ұялы телефон пайдаланбауға тырысыңыз. Көшелерде дауыс көтермеңіз. Бірқалыпты жүруді үйренген жұртшылық, ерекшелікті аса ұната бермейді.

Күншығыс елінің адамдары да көптеген халықтар секілді моншаға түсуді жандары жақсы көреді. Алайда ыстық бөлменің ішінде езінуді қаламайды. Сондықтан терең демалып жеңілдеп шықсаңыз жеткілікті.

Жапонияда халықтың басым бөлігі ағылшын тілін жақсы меңгерген. Егер сіз жапон тілін немесе ағылшынша білмесеңіз, сізге аса таңғалатынын ескертіп қояйық. 

Қылмыстық әрекеттер мен зорлық зомбылықтар мұнда сирек кездеседі. Алайда, тыныш халық екен деп еркінсіп кетпеңіз. Себебі сирек кездесу мүлде болмайды деген сөз емес. Өзіңізге сақтықпен қарағаныңыз дұрыс.

 

Дайындаған: BAUKENTI ZHAQSYMBET
Фото: i-to-i.com
Қосылған күні: 21 шілде, 14:44

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.