Қытай – тарих пен мәдениеттің алтын сандығы

Қытай – тарих пен мәдениеттің алтын сандығы

Қытай дегенде көз алдымызға құжынаған халық елестей бастайды. Себебі, бәріміз Қытайда халық саны көп екендігін білеміз, алайда "Қытайда басқа ерекше не бар? деген сауалға мән беріп көрмегенбіз. Бүгін осы ағаттығымыздың орнын толтырып көрейік.

Қытай Халық Республикасы – әлемнің ең көне елдерінің бірі. Оның өркениеті 5000 жылдан астам уақытты қамтиды. Орталық және Шығыс Азияда орналасқан, Сібір даласымен, оңтүстігінде тропикалық джунглилермен шекаралас жатыр. Жер көлемі – 9,6 млн. шаршы шақырым, яғни, Ресей және Канададан кейін үшінші орында тұр. Аумағында 5000-нан астам арал бар, олардың арасындағы ең үлкендері – Тайвань және тропикалық Хайнань.

Астанасы – Пекин, ресми астанасы – Шанхай. Халық саны – 1,2 млрд. Ақшасы – юань. Тілі – қытай тілі.

Қытай – тарихи, сәулеттік, мәдени орындардың алтын сандығы. 1985 жылдан бері Қытай ЮНЕСКО-мен бірлесе отырып осы тарихи ескерткіштерді қорғау шараларын атқарып келеді. Мұнда мемлекет қорғауындағы 119 табиғи аймақ бар.

Сондай-ақ, Қытай жерінде әлемнің ең биік тауы – Тибет орналасқан. Елдің визитті картасына айналған Ұлы Қытай Қорғанынан бастау алатын өзінше сұлу ландшафтар, өзендер, көлдер, теңіздегі шипажайлық қалалар, көне ғибадатханалар көрген көзді ынтықтырады. Қытайға жолыңыз түссе, міндетті түрде Пудун ауданына, Могао үңгіріне, Лэшандағы алып Буддаға, Хуаншань тауларына, Ли өзеніне, Терракоттың әскеріне, Тыйым салынған қалашыққа, Потал сарайына бару керексіз.

Қытайдың басқа да көрікті жерлерін төмендегі видеодан көре аласыздар:

Қытай және қытайлықтар туралы қызықты мәліметтермен таныс болыңыздар:

1980 жылы халық санының артып кетуіне байланысты, ҚХР бір отбасында бір бала болу керектігі жайлы заң қабылдады. Бұл халықтың қартайып кетуіне әкеліп соқтырды. Енді билік басындағылар аталған заңнан бас тартып, баланың жынысын алдын ала анықтауға тыйым салуды ойлап отыр. Себебі, отбасында ұл балаға көп мән беріледі де, қыз бала екендігін білген ата-ана жасанды түсіктің көмегіне жүгінеді.

Қытай жерінде ең алғаш рет қағаз, компас, жібек, фарфор, парашют, механикалық сағаттар пайда болған.

Қытай аймағы 5 сағаттық белдеуде орналасқанымен, экономикалық қажеттілікке байланысты барлық халық бір уақытпен жүреді.

Америкалық және еуропалық өндіріс орындарының көпшілігі Қытайға көшірілген. Өйткені, мұнда тауар тез өндіріледі әрі шығын аз кетеді. Енді "Қытайда жасалған" жазуы бірлескен тауарларда да пайда болып жүр.

Ли және Ванг – Қытайда ең көп таралған фамилия ( 3000-нан асады).

Қытайда шайпұл беру дәстүрі дамымаған, сізге ренжіп қалуы ғажап емес.

Қытайда тамаққа арналған таяқшаларды қолдануды білмесеңіз, аш қалуыңыз мүмкін.

Елде тұрғын үй мәселесі де мәз емес. Толыққанды пәтерді сатып алу әркімнің қолынан келе бермейді. Сол себепті, көпшілік капсула-бөлмелерді алады (кереуеті бар екі метрлік бөлме).

Қытайлық жатақханалардың бір бөлмесінде 6-7 кереует болады. Онда асхана жоқ, екі қабатқа бір дәретхана болады. Бірінші курс студенттерінің барлығы да жатақханада тұруы керек.

Ұлы Қытай Қорғаны – 2500 шақырым ұзындыққа созылып жатқан алып сәулет ескерткіші. Қамал ерте кездерде көшпелі ғұн тайпасынан қорғану үшін салынған деседі.

Өлім жазасы басқа елге қарағанда Қытайда көп қолданылады. Және ҚХР басқа елдің азаматын да жазалауы мүмкін.

Табиғи газды жанармай ретінде ең алғаш рет қолданған қытайлықтар екен.

Қытайлықтар шекара дегенді білмейді. Олар тіпті мысықтан да тон тігеді. Сондықтан болар, елде синофобия ауруы кең таралған.

Қытайда қаралы киім ретінде ақ түсті киім киіледі.

Елде 200-ден астам диалект бар.

Қытайда күрес өнері өте жақсы дамыған, олардың ішіндегі ең танымалы – ушу саньда және кунг-фу.

Қытайлықтар жол ережесін көп бұзады, тіпті, жол бойындағы өлім көрсеткіші ең жоғары ел ретінде танылып кетті.

Шәйді өсіру және демдеу рәсімін ең алғаш ойлап тапқандар – қытайлықтар. Шәй Қытайда б.з.д ІІІ ғасырда пайда болды.

Қытай – спортшылардың елі. Соңғы жылдары мемлекет спорт саласына үлкен қолдау білдіріп келеді, олар жыл сайын спортқа 500 млн. доллар қаржы жұмсайды. Ал Олимпиада жеңімпаздарына бір келі алтын мен қомақты ақша тапсырылады.

Дәл қазір қытайлық әскерде 2,2 млн. адам қызмет етіп жатыр. Бұл – әлемдегі ең мықты әскер. Ал ірі әскери қақтығыстарға 400 млн. қарулы сарбаз шыға алады.

Қытайда әлемнің басқа ешбір жерінде кездеспейтін жануардың 100 түрі бар. Оның ең танымалдары – Ирбис пен Панда.

Мектептерде таңғы сағат 8.00-ден, кешкі 17.00-ге дейін оқытылады. Сабақтардың ерте бітіп қалуы да мүмкін. Бірақ оқушылар дайындық жұмыстарымен айналысып, 17.00-ге дейін отырады.

Ата-аналар балаларын мектепке шығарып салып, күтіп алады. Себебі, жасөспірімдер арасында ұрлық-қарлық, күш көрсету, ақша талап ету әрекеттері қарқынды дамып кеткен.

Ең мықты мұғалім – 70-90 бала жиналған сыныпта жақсы сабақ бере алатын адам. Мұғалім нашар болған сайын бала саны да азая түседі.

Тамақ мәдениетінің дамығаны соншалықты, "Сәлем, қалың қалай?" дегеннің орнына "Сәлем, тамақтандың ба?" деп сұралады.

Тағам өте көп. Оңай табылады әрі арзан. Ел ішінде түнгі базарлар жұмыс істейді, онда тағам, киім және басқа да ұсақ-түйектер бар.

Егер сен шетелдік азамат болсаң, киім сен үшін 3-4 есе жоғары бағада сатылады. Бұл жерде саудаласу өнерін меңгерген абзал. Және саудаға қытайлықпен шыққаның дұрыс, алданып қалмайсың. Бір қызығы – қытайлықтар саудаға пижамамен барады.

Біреуге дауыс көтеріп сөйлеу (ұрыс кезінде болсын) – мәдениетсіздіктің белгісі. Қытай елінің тұрғындары үшін бұл бетіңнен айрылумен тең.

Қытай әлем елдеріне "Гүлді патшалық" деген атпен танылған. Осы елде пайда болған көптеген жемістер мен гүлдер қазір күллі ғаламшарға тарап отыр.

Көптеген тарихшылар Қытайды футбол Отаны ретінде танып жүр.

Қытайдағы ең маңызды мереке – қытайлық Жаңа Жыл мен Ай Жаңа Жылы. Тұрғындардың айтуынша, бұл күні әрбір адам бір жасқа үлкейе түседі, сондықтан мереке – барлық адамның туған күні ретінде атап өтіледі.

Оқи отырыңыз: 

Испания

Германия

Америка

Канада

Египет

Корея

Жапония

Дания

Бразилия 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com