Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / 2015 жылдағы кәсіпкерлік саласының басты оқиғалары мен жетістіктері

2015 жылдағы кәсіпкерлік саласының басты оқиғалары мен жетістіктері

2015 жылдағы кәсіпкерлік саласының басты оқиғалары мен жетістіктері

Өткен жылы еліміздегі барлық салада көптеген өзгерістер орын алды. Соның бірі – кәспкерлік саласы да кеңейіп, дами түсті. Елбасы Жолдауында айтылған бизнесті дамыту бастамасы да іске асырылды. Солардың бірқатарына бүгін тоқталмақпыз.  

1.«Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына кәсіпкерлік қызметке барынша қолдау көрсету мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталған заңды әзірлеуге белсене қатысқан еді. Ксіпкерлік субъектілерге арналған заңды қабылдау арқылы, жылына 14 млрд теңге үнемделетін болды. 

2. «Кәсіпкерлік кодексі» мақұлданды

Ұлттық палата кәсіпкерлерімен бірігіп «Атамекен» Одағы» дайындаған «Кәсіпкерлік кодекс» қабылданды. Кодекс жобасы 7 бөлім, 31 тарау, 324 баптан тұратынды. Құжат еліміздегі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу саласын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді жүйелендіруге және мемлекет кәсіпкерлік субъектінің арасындағы өзара іс-қимылының мақсаттарын айқындауға бағытталған. 

Заң жобасыда Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жобасын жүзеге асыру мақсатында түзетулердің үш блогы көзделеді екен. Оның біріншісі – монополияға қарсы органның қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған болса, екіншісі – кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында бизнес-омбудсмен институтын нығайтуды көздейді. Ал түзетулердің үшінші блогы – мониторинг бағалау және бақылаудың стандартталған немесе ең төменгі рәсімдері шеңберінде нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшуге, статистика жөніндегі уәкілетті органның қызметін жетілдіруге бағытталған.
«Атамекен» ұлттық палатасы кедендік рәсімдерді барынша автоматтандыру бойынша бірқатар түзетулер дайындауда

3. ЕАЭО-ның Кеден кодексінің жобасы талқыланып, түзетулер енгізілді

2015 жылы Қазақстан тарапынан жасалған ЕАЭО-ның Кеден кодексінің жобасына «Атамекен» одағы 552 түзетулер енгізуге қатысты. 

Сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық палатасы кедендік рәсімдерді барынша автоматтандыру бойынша бірқатар түзетулер дайындады.

«Атамекен» сарапшылары кедендік рәсімдерді барынша автоматтандыру мақсатында Қазақстанның Кедендік кодексіне 34 түзету және Кедендік одақ Кедендік кодексіне 74 түзету енгізу бойынша қорытынды жобалар әзірледі. Атап айтқанда, тауарларды декларациялау электрондық жүйесі мен тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) бірқатар елдерде пайдаланылу тәжірибесі қарастырылды. Бұл жүйе автоматты түрде, адамның көмегінсіз тексеріске жататын тауарларды бірден анықтап (жасыл мен қызыл дәліз принципі), қажетті рәсімдерді жүргізуге бұйрық береді. Кеденшілер мен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынас барынша автоматтандырылған, үдерістің тазалығы үшін аудио-бейнежазба жүргізіледі. 

4. «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізді

Елбасының тікелей тапсырмасымен «Атамекен» одағы 2015 жылдан бері аталған конкурстардың ұйымдастырушысы. Тауар өндіруші және қызмет көрсетуші компаниялардың арасынан жеңімпаздарды анықтау арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымдарда халықаралық сапа стандарттарын енгізу байқаудың бас мақсаттарының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың маусымынан тамызына дейін еліміздің барлық аймақтарында «Қазақстанның ең үздік тауары» атты аймақтық көрме –конкурс өтті. 4 желтоқсан күні Астанада өткен республикалық «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауына 144 кәсіпорын қатысты. 11 желтоқсанда 153 кәсіпорындар ішінен таңдалып алынған кәсіпорындарына «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығы табысталды. 

5. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер кеңесі конгресс өткізді

Ағымдағы жылдың 1-шілдесінде Астанада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің І конгресі өтті. Еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 40 пайыздан астамына әйелдер басшылық ететіні айтылды. 1 мыңнан астам жеке кәсіпкерлік нысанның тең жартысын нәзік жандар басқарып отыр. Конгреске қатысушылар кәсіпкер әйелдердің іскерлік әріптестігін республикалық және өңірлік деңгейде одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Өңірлерде жаңадан құрылған Іскер әйелдер кеңестерінің өкілдері әр өңірге тән мәселелер жайында айтып, мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстарын білдіріп, оның ішінде еңбекпен қамту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, отбасылық-демографиялық саясатқа қатысты ойларын ортаға салды. І Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша елімізде әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту жолында атқаратын Кеңестің стратегиясы мен негізгі бағыттары белгіленді.

6. Жаңа салық саясаты әзірленді

Қазақстан кәсіпкерлер одағы мен мемлекеттік органдар дайындаған жаңа салық саясаты 1 жылға кейінге қалдырылып, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатын болады.

7. Отандық тауарөндірушілердің І Форумы өтті

Астанада ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы Дала Елі» тауар өндірушілердің алғашқы форумы өткізді. Форумды өткізудің мақсаты отандық тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстың жақсаруына жағдай жасау, ынтымақтастық бойынша бизнестің өзекті мәселелерін талқылау. Аталмыш форумның басты идеясы - Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «Ұлы Дала Елі» бірыңғай қазақстандық брендті құру болып табылады.

8. Өңірлік даму картасын іске асыру презентациясы

Аймақтық даму картасын әзірлеу кезінде, ең алдымен, Қазақстанның барлық аймақтарының мамандану және кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға басты назар аударады. Олқай аумаққа инвестиция қажет екендігін, сондай-ақ, инвесторлар белгілі бір өңірдің ерекшелігімен танысуға мүмкіндік алады. Аталған Өңірлік даму картасын жүзеге асыру жобасының презентациясы Қазақстан Республикасы Президентіне жасалды.

Дереккөз: baq.kz

Дайындаған: Жас Исакаев
Фото: el.kz
Қосылған күні: 03 қаңтар 2016, 19:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.