Қазақстанның ұлттық валютасы бүгінге дейін қалай өзгерді? (фото)

Қазақстанның ұлттық валютасы бүгінге дейін қалай өзгерді? (фото)
Фото: bnews.kz, nur.kz

Кеңес Одағы құлап тәуелсіздігін алған Қазақстанның экономикасы Одаққа мүше болған елдердегідей күрт құлдырағаны белгілі. Ел тұрғындары жалақылары мен зейнетақыларын ала алмай, дүкен сөрелерінде азық-түлік таусылып, халық нан мен тұз алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрғаны әлі күнге көз алдымызда. Елімізде қолма-қол ақша болмай, Ресейге күніміз қарағаны да жасырын емес. 1993 жылдың соңына дейін Қазақстан біртұтас рубль аймағында болып, тәуелсіз экономикалық саясатын жүргізуге қауқарсыз болатын. BNews.kz Қазақстанның алғашқы валютасы қалай пайда болып, айналымға түскенін және соңғы 22 жыл ішінде теңгенің бейнесі қандай өзгерістерге ұшырағанын назарларыңызға ұсынады.

Қазақстан Ұлттық валютаны енгізерден алдын Ресеймен және ТМД-ның өзге де 5 елімен арадағы валюта одағын сақтап қалуға тырысты. Сөйтіп, біртұтас рубль аймағы туралы келісімге 1993 жылы қол қойылды, алайда, Ресей бұл аймақтан өзі шығып кетті. Бұл онсыз да бұғанасы қатпаған жас бір мемлекеттің экономикалық ахуалын одан сайын күрделендіретіні айдан анық болатын. Осы жайлардың барлығын ескере келе, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың көктемінде ұлттық валюта енгізу мүмкіндігін қарастыратын құпия комиссия құрды. Комиссияның құрылғаны бас-аяғы 7 адамға ғана мәлім болды: ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Жоғарғы Кеңес төрағасы С.Әбділдин, Жоғарғы Кеңестің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С.Тәкежанов, Мемлекеттік ұлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, оның орынбасары М.Тұрсынов және Ұлттық Банк дирекциясының басшысы Қожамұратов. Сонымен қатар, құпия түрде бір уақытта жаңа валютаның дизайнын әзірлейтін шығармашылық тобы да құрылды. Еліміздің маңдайалды суретшілері Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлелов және Темір Сүлейменовтің басшылығымен банкноттар мен монеталардың 4 нұсқасын әзірледі.

Алайда, ұлттық валютаның дизайны мен атауын белгілеген Қазақстанның әлі банкнот шығаратын зауыты болмағандықтан, бұл тұрғыда тағы бір мәселе туды. Ақылдаса келе, Қазақстан өкілдері ағылшынның «Харрисон мен ұлдары» және «Томас Де ля Ру» компанияларына қолқа салуға тура келді. Сонымен, дайындалған банкноттар құпия түрде республикаға жеткізіле бастады.

Арада 1 ай өткенде біртұтас рубль аймағы жай қағаз жүзінде әзірленгені белгілі болды. Сондықтан 1993 жылдың 15 қарашасында таңғы сағат 8:00-де Қазақстан аумағында өз ұлттық валютасы – теңге айналымға шығарылды. Валюта бағамы да белгіленді: 4,75 теңге = 1 доллар немесе 1 теңге = 500 рубль.

1993 жылғы банкноттың үлгісі

Сонымен қатар, монеталарды шығарып үлгермегендіктен, айналымға қағаз тиындар да енгізілді. қағаз тиындар 1995 жылы айналымнан алып тасталды.

02

1994 жылы 500 және 1000 теңге номиналды банкноттар пайда болды.

03

1995 жылы 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар шығарылды, бұл тиындар 2001 жылға дейін пайдаланылды.

05

1996 жылы 2000, 1998 – 5000, 2003 – 10 000 теңге номиналды банкноттар енгізілді.

06

1997 жылы бүгінгі күні қолданыстағы монеталар шығарылды.

08

2006 жылы 200 – 10 000 теңге аралағындағы банкноттар жаңа дизайнмен басып шығарылды. Мұның бірнеше себебі бар. Алғашқысы, жалған купюралардың пайда болуы. Жаңа банкноттардың дизайнын жасау кезінде 16 түрлі қорғаныс элементі пайдаланылды. Сонымен қатар, теңге бетіндегі тұлғалардың алып тасталуына себеп – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этникалық топтардың ауызбірлігін сақтау. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандарынан адам бейнесін ақша бетінен алып тастау ұсынысы түскен.

2006 жылғы банкноттардың үлгісі

09

88

99

2011 жыл 500, 2012 жылы 2000 және 10 000, 2013 жылы 1000 теңгенің жаңа үлгісі шығарылды.

11

Дереккөз: bnews.kz

Н. Үсенова