2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы басталды

2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалығы басталды
Фото: news.mail.ru

2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететін ел болды.

Бұл туралы 2015 жылғы 21 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Виктор Христенко ресми мәлімдеген болатын.

«2016 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ететін ел болады және соған сәйкес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқарады», − деді В.Христенко.

Сонымен қатар 1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа құрамы жұмысына кіріседі. 

Дереккөз: inform.kz

Н. Үсенова