Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Жақын болашақ: Халық саны жағынан Үндістан Қытайды артта қалдырады

Жақын болашақ: Халық саны жағынан Үндістан Қытайды артта қалдырады

Жақын болашақ: Халық саны жағынан Үндістан Қытайды артта қалдырады

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2050 жылға дейін Жерді мекендеушілер саны 9,7 миллиард адамға жуықтайды деп болжады. Соған қарамастан, өсу қарқыны баяу екені, көптеген мемлекет тұрғындарының басым бөлігін қарттар құрайтыны да айтылған.

World Population Prospects 2019: Highlights атты есептік мақалада алдағы 30 жылда халық саны 2 миллиард  адамға артатыны, ал жүзжылдық аяғына қарай бұл көрсеткіш 11 миллиардқа жететіні анықталған.

Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озып, Африка халқы Сахарадан оңтүстікке қарай қоныс аудара бастайды деп күтілуде. 

Халық саны артатын елдер қатарында Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Танзания, Индонезия, Египет пен Америка Құрама Штаттары бар. 

Соған қарамастан, бұл елдердің өсімі жаһандық туу көрсеткішінің азаюы аясында іске асады. 1990 жылы бір әйелдің орташа туу көрсеткіші 3,2 болса, 2019 жылы 2,5-ке дейін төмендеген. Ал, 2050 жылы туу көрсеткіші 2,2-ге дейін төмендейді деп болжануда. Иммиграциясыз халық санының азаюынан сақтану үшін әйел адамның туу көрсеткіші 2,1 болуы шарт.

Шындығына келсек, көптеген елдерде халық санының өсімі емес, кемуі байқалған. 2010 жылдан бері 27 елде туу көрсеткішінің аздығынан халық саны бір пайызға төмендеген. Есеп бойынша, 2050 жылы халық саны кем дегенде бір пайызға азаятын елдер саны 55-ке жетеді. Ал, оның қатарына кіретін елдердің жартысына жуығында 10 пайызға дейінгі азаю байқалады. 

Кей жағдайда халық санының азаюы эмиграцияның өрбуімен байланысты. Бангладеш, Непал мен Филиппинде миграциялық ағымның артуы дамыған мемлекеттердегі жұмысшы мигранттарға деген сұраныстың артуымен байланысты болып отыр. Ал, Мьянма, Сирия мен Венесуэла мемлекеттеріңің тұрғындары қауіп, қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық кесірінен өзге елдерге қоныс аударуға мәжбүр. Эмиграция бүгінде халық саны азайып бара жатқан Беларусия, Эстония мен Германия секілді елдер үшін тиімді. 

"Халық саны қарқынды өсіп жатқан елдердің басым бөлігі – кедей мемлекеттер. Олардың саны артуы қосымша мәселелердің туындауына алып келеді", – дейді БҰҰ экономикалық және қоғамдық сұрақтарға жауапты хатшысының орынбасары Лю Чжэньминь. Мәселелер қатарына кедейлік һәм аштықпен күрес, теңсіздік, денсаулықты сақтау мен білім беру жүйесі кіреді. 

Одан бөлек, 2050 жылға қарай алты адамның бірінің саны 65 жастан жоғары болады. Бүгінде ол көрсеткіш 1/11 адамға тиесілі. Бірнеше мемлекетте алдағы 30 жылда қарттар саны екі есе артады. Олардың қатарына Солтүстік Африка, Азия және Латын Америка мемлекеттері кіреді.  

Сондай-ақ, Еуропа мен Солтүстік Америка халқының төрттен бірі 65 жастан асқан егде адамдар болады. Қарт адамдардың саны мен үлесінің артуы экономикалық дағдарыстың туындауына алып келетіндігі айтылған: елдің қаржылық жағдайын қысым түседі. Соның ішінде, денсаулық сақтау мәселесі, зейнетақы мен әлеуметтік қорғау қыруар қаржыны керек етеді.

Дегенмен, өмір сүру ұзақтығы артатыны белгілі болған: 1990 жылы орташа өмір жасы 64,2 болса, 2050 жылы 77,1 жас деп күтілуде. Бүгінде дамушы мемлекетте дүниеге келген балалар дамыған мемлекеттермен салыстырғанда өмірі 7 жылға қысқа. Басты себептері ана мен бала өлімі, зорлық пен ВИЧ, СПИД аурулары екені көрсетілген. Ал Қазақстанда халық саны 2050 жылы 25 миллионға жуықтайды делінген.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 05 тамыз 2019, 12:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.