Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Гренландия ери бастады. Бұл бүкіл ғаламшар үшін апатты жағдай ма?

Гренландия ери бастады. Бұл бүкіл ғаламшар үшін апатты жағдай ма?

 Гренландия ери бастады. Бұл бүкіл ғаламшар үшін апатты жағдай ма?

Соңғы уақытта ауа-райының "оғаш" (жұмсақтығы) мінез-құлқы ғалымдарды ғаламшарымызда бұдан кейін не болатыны туралы ойлануға мәжбүр етті. Қазір климатқа байланысты үлкен өзгерістер орын алуда. Сібірдегі қатты аптап ыстық бір аптадан астам уақыттан бері өрттің шығуына себеп болды. Температураның көтерілуі  Еуропада, Сахара аймағында және Гренландияда  байқалған. Соңғысы – бүкіл ғаламшар үшін проблема болайын деп тұр.

Неге Гренландия ери бастады?

Жалпы, Гренландиядағы мұз жамылғысы жазда аздап ериді және қыста қалпына келеді, бұл қалыпты жағдай. Алайда, биыл еру ертерек мамырда басталды. Солтүстік Африкадан Еуропаға келген ыстық қазір Гренландияға қарай бет алды. Бұл  мұздың еруін одан сайын арттырады деп күтілуде. Гренландияның алып мұз қабаты теңіз деңгейінен 3000 мың метрге дейін биікте. Синоптиктер осы аптада оның шыңы нөлдік градусқа жуық жылы болады деп болжап отыр. 

Гренландияда күн жылыса не болады?

Мұздың еруі Солтүстік Атлант мұхитын тұщы сумен толтырады бұл тірі организмдерге және солтүстік-батыс Еуропадағы ауа-райына әсер етуі мүмкін. Нәтижесінде қатты дауылдар соғады. Мұндай жағдай Ұлыбританияда 2015-2016 жылдары болған. Гренландия мұзды қабатынан шыққан су ғалымдардың пікірінше, теңіз деңгейін 1 миллиметрге көтереді.  Ал тропикалық ендіктерде екі миллиметрге дейін көтеріледі. 

Алдын ала анықталғандай, шілде айының өзінде Гренландия мұз қалқанының 160 миллирад тонна мұзы еріп кеткен. Салыстыру үшін айтатын болсақ – бұл көлемі "Астана арена" стадионындай 160 миллион бассейнге тең. 

Гренландия мұздығы ерісе не болады?

Айта кетейік, Гренландия мұздығының қалқаны құрлықтың 80 процентіне тең. Бірнеше мыңдаған жыл бойы қар қабаттарының мұзға айналуынан пайда болған. Ең негізгісі, аталмыш мұздық әлемдегі экожүйенің маңызды бір бөлігі саналады.  Мұздың биіктігі 3 мың метрге дейін жетеді. Барлық мұздың жиынтығы 2,9 миллион куб метр. Егер оның барлығы ерісе теңіз деңгейі 7 метрге дейін көтеріледі. Бұдан бөлек, Гренланлия мұздығы Күн сәулесін шағылыстырып, ғарышқа қайтарады. Осылай ғаламшарымызды ысып кетуден сақтайды. 

0
Рейтинг: +0

Фото: hi-news.ru
Қосылған күні: 04 тамыз, 10:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.