Гипертониядан зардап шеккен адамдарға пайдалы 10 өнім

Гипертониядан зардап шеккен адамдарға пайдалы 10 өнім
Фото: pixabay.com

Зерттеулер бойынша, арнайы диета қысымды екі аптада ретке келтіреді екен. Ол үшін мына азық-түліктерді тамақтану мәзіріңізге қосыңыз.

1. Жидек

Қаражидек пен құлпынайдың құрамында артериялық қысымды орташа есеппен 8%-ға төмендететін антиоксиданттар бар.

2. Банан

Банан – калийге бай. Бұл минерал қан тамырлар қабырғасындағы күшті түсіреді. Егер бананды жақсы көрмесеңіз, калийді авокадо, қауын, саңырауқұлақ, қызанақ, тунец және үрмебұршақтан алуға болады. Егер бүйрегіңізбен проблема болса, калийдің артықтығы сіз үшін зиян болады.

3. Қызылша

Ғалымдардың айтуынша, күніне 250 мл (шамамен 1стақан) қызылша шырыны қысымды ретке келтіреді. Максималды әсеріне жету үшін оны бір ай ішу керек, алайда алғашқы күндері-ақ нәтижесін байқайсыз.

4. Ащы шоколад

Бірден 15 зерттеу бұл өнімнің артериялық қысымды түсіретіндігін көрсетеді. Бастысы, ол құрамындағы какао мөлшері 70%-дан төмен емес сапалы шоколад болуы керек.

5. Киви

8 апта бойы күніне 3 кивиден жеу – артериялық қысымды түсіреді.

6. Қарбыз

Оның құрамында артерия иілгіштігін ұстайтын және қан жүретін тамырларды босаңсытатын амин қышқылдары бар.

7. Сұлы жармасы

Сұлыда артериялық қысымды төмендететін талшық бар.

8. Жасыл жапырақты көкөністер

Қырыққабат, аскөк, саумалдық және жапырақты қызылшаның 1-2 үлесі 24 сағатқа дейін қысымды түсіруге көмектеседі.

9. Сарымсақ

Ол қан тамырларды кеңейтетін және бұлшықеттерді босаңсытатын азот оксидін өңдеуді жоғарылатады.

10. Анар

Күніне 1 кесе анар шырынын ішу – қысымды бір айда түсіреді.

А. Жапатова