Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жидектің де жидегі бар

Жидектің де жидегі бар

Жидектің де жидегі бар

Адамзат баласы табиғаттың берген сыйы жеміс-жидекпен сонау заманнан бері қоректеніп келеді. Жидек аз калориялы болса да, дәруменге бай.

Жеміс-жидек ағзаға керек заттарды жинап, холестериннің қажетті мөлшерін қайтарып, зат алмасу жүйесін ретке келтіреді. Қазіргі кезде жеміс-жидекті тек жазда жеп қоймай, жыл он екі ай тұтынуға болатын жағдай бар. Ол үшін жазда жинап, суыққа төзімді ыдысқа салып, мұздатқышта сақтап, қыста жей аласыз. Жидектің өзін жесеңіз де, тәтті пісірсеңіз де, сусын даярласаңыз да пайдалы.

Жеміс-жидек арасында да «ең пайдалы» деген түрлері бар. Мәселен, қарақаттың құрамында макро және микро элементтер, С, Р, К дәрумендері көп. Қарақат ағзадағы жараны кетіруге, гастритті жоюға, бүйрек ауруларына, зат алмасу жүйесін реттеуге көмектеседі. Вирус арқылы таралатын аурулар күшейе түскен кезде осы қарақаттан жасалған тосаптар мен балғын жеміс-жидек жақсы көмектеседі.

Қызыл қарақат қызуды түсіруге, өкпе ауруларына, маусымдық аллергия кезінде көмектеседі. Қайнатылған, сығылған және жалғын қызықл қарақаттар тәбет ашады әрі шөлді қандырады.

Итмұрын – халық медицинасында кеңінен таралған жидек. Піскен және кепкен итмұрынның құрамында қышқыл, калий, нартий, кальций, магний, фосфор, темір және А, В, РР, С дәрумендері бар. Итмұрынның тұнбасы тіс қанаған кезде жақсы көмектеседі. Ал шайы түрлі ауруларға қарсы тұратын иммунитет береді.

Таңқурай – кез келген тоқбасардың әшекейі. Ал өзі тұнған дәрумен. Бұл жидекте С, B1, B12, PP дәрумендері, мыс, темір, калий, жасұнық пен пектин бар. Таңқурайдың құрамында қысу түсіретін салицил қышқылы бар. Ал фитонцид денедегі жараларды да кетіре алады. Суық тиіп қалған кезде қызуды бірден қайтаратын таңқурай ғана.

Құлпынай мен бүлдірген көз ауруларына көмектеседі. Қызыл жеміс ағзаға В және С дәрмендерімен, каротин, фолий қышқылы, жасұнық, марганец, кальций, пектин, органикалық қышқыл, темір, йод, калий мен фосфор бере алады.

Ал қаражидек адам ағзасын сүт, лимон, хина, қымыздық және тағы басқа да қышқылмен, сонымен қатар, микроэлементтермен байыта алады. Басқа жеміс-жидек секілді қаражидектер диета кезінде ұсынылады. 100 грамм қаражидекте 44-ақ калория бар, есесіне көпшілік сүсініп жеп, жеңіл тоқбасарларға, балмұздақ, смузилерге қосады. Көздің жақсы көруіне де әсер ете алады, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызметін күшейтіп, инфекциялық аурулардың бетін қайтарады.

Ал сізге қай жидек ұнайды?

0
Рейтинг: +0

Фото: hdwallpapersbackgrounds.us
Қосылған күні: 20 сәуір 2017, 18:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->