Дәріге көнбейтін туберкулезден сақтаныңыз

Дәріге көнбейтін туберкулезден сақтаныңыз
Фото: Экспресс К

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 8-10 миллион адам өпке дертін жұқтырып, 3 миллионы туберкулезден көз жұмады. Мамандар құрт ауруының қауіптілігін дерттің тез жұғатындығымен байланыстырады. Яғни күн сайын 22 000 адам әлемнің әр түкпірінде туберкулез таяқшасын жұқтырады екен. Сонымен қатар соңғы кездері өкпе құртының адам ағзасында тез көбейгіш әрі кез келген дәріге бой бермейтін төзімді түрінің белең алуы үрей туғызып отыр. Сол жөнінде сіздерге азды-кем ақпарат ұсынамыз.

Көптеген дәріге көнбейтін туберкулез дегеніміз (КДК ТБ) – кем дегенде изониазид пен рифампицинге және басқа да бірінші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілерге төзімді туберкулез микробактериясы. Қазіргі таңда жер шарында 50 миллионнан астам адам КДК ТБ-мен залалсыздандырылған, бұлардың ішінде әр 10-шы адамда КДК ТБ-мен ауырып қалу қаупі бар.

КДК ТБ-ның басты пайда болу себепттері:

Туберкулезге қарсы диспансердің және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің науқастың туберкулезге қарсы берілген дәрілерді қабылдау процесін қадағалауды өз деңгейінде орындамауы (науқастың дәріні жұтқанына дейін қадағалау);

— Науқастың қолына бірнеше күнге дәрілерді беріп жіберу;

— Өз бетінше емделу;

— Кесел тұрақты мекен-жайы жоқтар, нашақорлар және маскүнемдер арасында жиі кездеседі.

— Дәрілерге жанама әсерлері үшін негізсіз дәріні тоқтату;

— Туберкулезге қарсы қолданатын дәрі сапасының төмендігі.

Дерттің басты белгілері:

— Науқас жөтеледі, әлсірейді;

— Дене қызуы жоғарылайды;

— Өкпесі шаншиды, жүдейді;

— Қан қақырады.

Осы белгілер тұрақты түрде байқалса, дәрігерге тезірек көрінген дұрыс.

КДК ТБ-ті анықтаудың бүгінде бірнеше тәсілдері бар:

1. Л/Иенсен тәсілі 2-3 ай көлемінде анықтайды;

2.Bactek тәсілі 14-40 күн аралығында анықтайды;

3.G-Xpert тәсілі 2 сағата анықтайды.

КДК ТБ-мен ауырған науқастың ем тәртібі бүгінгі күнде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талабына сай  2-ші қатардағы туберкулезге қарсы дәрілер мен (левофлоксацин, протионамид, циклосерин, капреомицин, ПАСК т.б) салмағына қарай жүргізіледі.

Ем 24 ай көлемінде қатаң бақылауда болады (жұтқанына дейін). 8 ай қарқынды, 16 ай жалғастыру кезеңінде үздіксіз емделеді. Тек қана осы мезгілде, яғни науқаста көптеген дәріге төзімді туберкулез таяқшасының емі үзілмеген жағдайда ғана толық жойылады. Егер ем жүйесіз, қадағалаусыз, дәрілердің толық топтамасы (6-7 түрімен) қамтылмаса, ем үзілсе, науқаста ем нәтижесіз болады. Бұл кең көлемдегі дәрілерге көнбейтін туберкулезге өтеді деген сөз. Сондықтан әрбір туберкулезбен ауырған науқас және оның жақын туыстары мен медицина қызметкерлерінің  есінде болу керек  жайт – көптеген және кең көлемдегі дәрілерге көнбейтін туберкулездің пайда болуына жол бермей, емделушіні басты назарда ұстағаны артық болмайды.

Н. Үсенова