Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстандықтар туберкулезға қарсы сәбіз өсіріп шығарды

Қазақстандықтар туберкулезға қарсы сәбіз өсіріп шығарды

Қазақстандықтар туберкулезға қарсы сәбіз өсіріп шығарды

Қазақстандық генетиктер туберкулезға қарсы вакцинасы бар сәбіз өсіріп шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұловқа сілтеме жасай отырып хабарлды.

Ғалымдар өсімдік тамырына туберкулез қоздырғышының антигенін енгізе отырып, осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Осы орайда Раманқұлов: "Трансгендік өсімдіктер негізіндегі вакцина бар әлемде үлкен сұранысқа ие. Неге дейсіз бе? Себебі бұл қолданылып жүрген қарапайым вакциналардан біршама есе арзан әрі тиімді. Әдетте қолданылатын вакциналардың ағзаға тигізетін кері әсерінің де болатындығы белгілі. Ал біздің жағдайда өсімдік ақуыздардың биофабрикасы ретінде жұмыс жасап тұр", - деп сұхбат берді.

Орталық қызметкерлері сәбізден эмбрионалдық клеткаларды алып, оны трансформацияға ұшыратқан екен. Осылайша трансгендік өсімдікке қол жеткізіпті. Айта кетерлігі көкөністің формасы қарпайым сәбізге ұқсамайды. Бұл сәбізді сатылы түрде отырғызу процесімен байланыстырылады.

Барлық жұмыстар аяқталған соң ғалымдар сәбізде аталған геннің бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Тәжірибе объектісі ретінде тышқан таңдалып, нәтижесінде өсіп шыққан сәбіздің туберкулезға таяқшаларына деген иммунитетті жоғарылататындығы анықталған.

"Әрине, бұл өнертабысты нарыққа шығаруға әлі ерте. Алдымен көкөністің терапевттық эффектісіне зерттеу жүргізу керек. Дегенмен бұл жұмыс үлкен қаржыны талап етеді", - деді сөз соңында директор.

Ғалымның айтуынша, гендік инженерия әлемде біршама деңгейде дамыса да, генетикалық модификацияланған өнімдерді көпшілікке тарату туралы шешім шығару өте қиын. Бұл қадам өте тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Ұлттық биотехнология орталығы

3132 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 15:27
Пікірлер
+0
04 тамыз 2012, 21:04

Күшті :geek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев